Микробиология


Бактериялардың фагоцитозға ҧшырауын анықтау



Pdf көрінісі
бет76/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Бактериялардың фагоцитозға ҧшырауын анықтау. 
Фагоцитозға 
ҧшыратушы жасушаларға қанның полиморфты ядролы лейкоциттері 
жатады. Фагоциттермен жҧтылған микроб жасушалары ӛлімге 
ҧшырамай (аяқталмаған фагоцитоз), тек фагоциттермен қармалған 
бактериялардың жасуша ішінде ыдырауы мҥмкін (аяқталған фагоцитоз). 
Бҧл процесті байқау ҥшін алдымен зертханалық ақ тышқандардың 
қҧрсақ қуысына 2 мл стерильді ЕПС, ал 2-3 сағаттан кейін 
Escherichia 
coli
ӛсіндісінің 0,5 мл-ін енгізеді. 20-40 мнут ӛткен соң шприц кӛмегімен 
қҧрсақ қуысынан эксудатты сорып алып, зат шынысына жағынды 
жасайды да, спирт-эфирмен бекітіп, 2-3 минут бойы метилен кӛгімен 
бояйды. Микроскопиялау барысында фагоцитоздың тҥрлі кезеңдерін, 
яғни бактериялардың жҧтылуын немесе жасушалардың деструкциясын 
(ыдырауын) байқауға болады.
Фагоцитозға ұшыратушы жасушалардың белсенділігін бағалау 
әдістері.
 
Фагоциттердің белсенділігін бағалау ҥшін келесі кӛрсеткіштер 
қолданылады: фагоцитарлық кӛрсеткіш – есепке алынған нейтрофильді 
лейкоциттердің 
жалпы 
санындағы 
фагоцитозға 
ҧшыратушы 
жасушалардың пайыздық кӛрсеткіші; фагоцитарлық сан – бір ғана 
лейкоцитпен жҧтылған микроб жасушаларының орташа саны 
(фагоцитоздың қарқындылығын сипаттайды). 
Фагоцитарлық 
көрсеткішті 
анықтау.
Таза 
стерильді 
центрифугалық тҥтікке 0,2 мл натрий цитратының 2%-ды ерітіндісін, 0,1 
мл теңіз шошқасының немесе қоянның қанын және қыздыру арқылы 
инактивацияланған 
Escherichia coli
немесе басқа бактериялардың 
сузпензиясының 0,05 мл-ін (0,5∙10
9
жасуша) енгізеді. Компоненттерді 
мҧқият араластырып, 37-38ºС температурада 30 минут ҧстағаннан кейін 
қоспаны 15-20 минут 2500-3000 айналымда центрифугалаған жағдайда 
компоненттер плазманың мӛлдір қабатына, лейкоциттердің жҧқа сҧр 
ортаңғы қабаты мен эритроциттер қабаты пайда болады. Центрифугалу 
барысында пайда болған плазма қабатын алып тастайды. Ал ортаңғы 
қабаттан 3-5 жағынды жасап, Романовский-Гимза әдісімен бояйды. 
Дайын болған препараттан микроскоп кӛмегімен кем дегенде 100 
нейтрофильді лейкоциттерді санап, олардың арасынан фагоцитозға 
ҧшыратушы жасушалардың саны (%) анықталынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет