Микробиология


ГЕМАГГЛЮТИНАЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет86/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

 
ГЕМАГГЛЮТИНАЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ 
Гемагглютинация реакциясы
 
(ГАР) жҧқпалы аурулардың балауында 
қолданылады. Бҧл реакция антигендердің (кейбір бактериялар мен 
вирустар) жануарлар немесе қҧстар эритроциттерінің беткейіне 
адсорбцияланып, олардың бір-бірімен желімденуіне және тҧнбаға 
тҥсуіне негізделген. Гемагглютинацияның белсенділігі телімді қан 
сарысуларының кӛмегі арқылы іске асырылады; қҧрамында белгілі бір 
ауру қоздырғышына телімді қан сарысуы болған жағдайда 
гемагглютинация қҧбылысы байқалмайды.
 
ГАР қою ҥшін қҧрамында антигені бар материалдарды 
пайдаланады. Реакцияны жҥргізер алдында зерттеуге алынған антигені 
бар материалды ірі бӛлшектерінен ажырату ҥшін 2000 айн/мин 15-30 
минут бойы центрифугалайды немесе сҥзгіден ӛткізеді.
Алдымен шыны тҥтіктерге 0,5 мл-ден физиологиялық ерітінді 
қҧяды. Бірінші тҥтікке 0,5 мл зерттеуге алынған материалды қосып, 
араластырғаннан кейін, бірінші тҥтіктен 0,5 мл суспензияны екіншісіне, 
одан ҥшіншісіне және келесілеріне (1:2048 дейін және одан жоғары) 
ҥлестіреді. Сосын әр тҥрлі сҧйылтымдардағы антигендері бар барлық 
шыны тҥтіктерге 0,5 мл 1% эритроцит сҧйықтығын қосады. Спонтанды 
гемагглютинацияның алдын алу ҥшін эритроциттедің бақылауы қатар 
қойылады. Ол ҥшін 0,5 мл физиологиялық ерітіндіге 0,5 мл 1% 
эритроцит сҧйықтығы қосылады. Шыны тҥтіктер тҧрған штативті 


106 
жақсылап шайқағаннан кейін бӛлме температурасында 20-30 минутқа 
(тауық эритроциттерімен қойғанда) немесе 60 минутқа (сҥт қоректілер 
эритроциттерін пайдаланғанда) қалдырады.
Гемагглютинация қҧбылысы байқалған жағдайда эритроциттер 
шыны тҥтіктердің тҥбіне қарай біркелкі жайылып, жҧқа пленка тәрізді 
(қолшатырға ҧқсас) тҧнбаға тҥседі. Агглютинация қҧбылысы 
байқалмаса эритроциттер шыны тҥтіктің тҥбінде кішкене тҥйме тәрізді 
тҧнады.
Эритроциттердің 
шӛгу 
уақыты 
реакцияға 
пайдаланылған 
қоспалардың кӛлеміне, эритроциттердің тҥріне және температураға 
байланысты болады (жағары температурада эритроциттер тез шӛгеді). 
Оң реакция нәтижесі эритроциттердің тҧнбаға тҥсуіне байланысты 
келесі кӛрсеткіштермен бағаланады: +++ - эритроциттердің қарқынды 
және тез агглютинациялануы; ++ - эритроциттердің агглютинациялану 
қарқындылығы тӛмен болғанда; + - шыны тҥтік тҥбінде болар-болмас 
эритроциттердің агглютинациясы байқалғанда. Реакция теріс болғанда 
эритроциттер шыны тҥтік тҥбінде тҥйме тәрізді тҧнба тҥзеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет