Микробиология


-сурет. Антиденелер мен антигендердің желімделуі



Pdf көрінісі
бет84/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

35-сурет. Антиденелер мен антигендердің желімделуі 


103 
Реакцияны шыны тҥтіктерде, 96 шҧқыршықты планшеттерде, 
капиллярларда, шыны пластиналарда, қағаздарда, сонымен қатар әр 
тҥрлі 
температуралық 
режимдерде 
(тоңазытқышта, 
бӛлмелік 
температурада, +37, +56ºС және т.б.) қоюға болады. 
Тҥтікті агглютинация реакциясы.
Қан сарысуының 1:25, 1:50, 
1:100 және т.с.с. екі еселенген сериялық сҧйылтымдарын дайындап 0,5 
мл-ден тҥтіктерге қҧяды, содан кейін әр тҥтікке 2 антигендік бірліктегі 
антигенді 0,5 мл-ден ҥлестіреді. Әр тҥрлі бактерия тҥрлерінің антигендік 
бірліктері 0,5 – 1 млрд. микроб жасушасын қҧрайды. Стандартты 
биофабрикалық антигендерді реакцияда кӛрсетілген сҧйылтымдары 
бойынша қолданады. Антигенді қосқан соң қан сарысуының сҧйылтымы 
әр тҥтікте екі еселеніп 1:50, 1:100, 1:200 және т.с.с. болады. Пайда 
болған антиген мен қан сарысуының қоспасын +37ºС-ге реттелген 
термостатта 16-20 сағат бойы, сонан соң 1 сағат бӛлме 
температурасында ҧстайды. 
Реакция нәтижесін
бағалау
крест бойынша, бес балдық жҥйе 
бойынша кӛзбен кӛру арқылы жҥргізіледі: 
4 крест (++++) – сҧйықтық толық тҥссізденген, агглютинат «қол 
шатыр» тәрізді болып тҥтіктің тҥбіне тҧнған. Сілкіген жағдайда қол 
шатыр тәрізді тҧнба мен тҥйіршіктерге ажыратылады. Сҧйықтық мӛлдір 
кҥйінде қалады (100% агглютинация). 
3 крест (+++) – сҧйықтық толық мӛлдірленбеген, «қол шатыр» 
тәрізді агглютинат жақсы байқалады (75% агглютинация). 
2 крест (++) – сҧйықтық мӛлдірленбеген, «қол шатыр» «қол шатыр» 
тәрізді агглютинат байқалады, «қол шатыр» тәрізді агглютинаттың 
ортасында антиген тҥйме тәрізді тҧнба тҥзілген (50% агглютинат). 
1 крест (+) – антигеннің тығыз тҧнбасының айналасында «қол 
шатыр» тәрізді агглютинат нашар байқалады, сҧйықтық мӛлдірленбеген, 
сілкігенде «қол шатыр» тәрізді агглютинат пен тҥйіршіктер нашар 
кӛрінеді (25% агглютинат). 
Минус (–) – сҧйықтық мӛлдірленбейді және «қол шатыр» тәрізді 
агглютинат байқалмайды, антиген тҥйме тәрізді болып тҧнбаға тҥседі. 
Жеңіл сілку барысында гомогенді қоймалжың пайда болады. 
Кресттік жҥйе бойынша агглютинацияны объективті бағалау ҥшін 
0; 25; 50 және 75% агглютинацияға сәйкес келетін стандартты 
мӛлдірліктерді дайындайды. Реакцияны қою барысында алынған 
сҧйылтым бойынша 1, 2 және 3 мл антигенді ҥш тҥтікке қҧяды, сонан 
соң 3, 2 және 1 мл фенолды физиологиялық ерітіндіні енгізеді. 
Жақсылап сілкігеннен кейін әр сҧйылтымнан 0,5 мл сҧйықтықты бос 
тҥтіктерге ауыстырып, 0,5 мл фенолды физиологиялық ерітіндіні қҧяды. 
Алынған стандарттар 75, 50 және 25% агглютинацияға сәйкес келеді. 
100%-дық 
реакцияда 
сҧйықтықтың 
мӛлдірлігі 
физиологиялық 
ерітіндінің тҥсімен бірдей болады. Агглютинация болмаған жағдайда 
сҧйықтықтың мӛлдірлігі 0,5 мл физиологиялық ерітінді мен 0,5 мл 


104 
антигенді жҧмыс сҧйылытымында араластырғандағыдай тҥске сәйкес 
келеді. 
Реакцияның диагностикалық құны
қан сарысуының титріне 
байланысты бағаланады, яғни екі крестті агглютинацияға сәйкес келетін 
сҧйылтым алынады. Белгісіз ӛсіндіні идентификациялау кезінде, қан 
сарысуының бастапқы сҧйылтымы 50% агглютинацияға немесе 
этикеткада кӛрсетілген титрге сәйкес келсе нәтижесі оң деп саналады. 
Жануарлардың қан сарысуымен реакция қою барысында зерттеу 
нәтижесі титр кӛрсеткіштері бойынша оң, кҥмәнді және теріс болып 
бағаланады. Серологиялық реакциялардың диагностикалық титрлерінің 
әр тҥрлі болуы инфекцияның және жануарлардың тҥрлеріне 
байланысты. 
Бруцеллез балауында қан сарысуларындағы антиденелердің титрі 
ірі қара мал, жылқы және тҥйеде 1:100 болса, ешкі, қой, қодас пен итте - 
1:50, терісі бағалы аңдар мен теңіз шошқаларында 1:10 немесе екі 
кресттен кем болмаса реакция нәтижесі «оң» деп есептеледі. 
Қан сарысуларындағы антиденелердің титрі ірі қара мал, жылқы 
және тҥйеде -1:50, қой, ешкі, қодас, бҧғы және итте 1:25 немесе екі 
кресттен кем болмаса реакция нәтижесі «кҥмәнді» деп саналады. 
Листериозға тексерілген қан сарысуларының титрі ірі қара мал мен 
жылқыда 1:400, қой, ешкі және шошқада 1:200, ал қоянда 1:50 болса 
агглютинация нәтижесі «оң» деп саналады. Егерде аталмыш титрлер бір 
сатыға тӛмен болса реакция «кҥмәнді» болады. 
Сальмонеллезге тексерілген малдардың қан сарысуын 1:200 және 
1:100 сҧйылтымдарында қолданады. Агглютинация нәтижесі ҥш және 
тӛрт крестке сәйкес келсе немесе титрі 1:200 болса, реакция нәтижесі 
«оң» деп бағаланады. Егер бір және екі крест болып, титрі 1:200 немесе 
ҥш және тӛрт крест болып, титрі 1:100 болса реакция нәтижесі 
«кҥмәнді» болады. Бір және екі крест болып, титрі 1:100 болса нәтиже 
«теріс» деп саналады. 
Жылқылардың қан сарысуын контагиоздық метритке 1:20 және 1:40 
сҧйылтымында қолданады. Ҥш крест болып, титрі 1:40 болса, диагнозды 
«оң», ал егерде екі крест болып, қан сарысуының титрі 1:20 болса, 
«кҥмәнді» деп бағалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет