Микробиология



Pdf көрінісі
бет85/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Роз-бенгал сынамасы. 
Роз-бенгал сынамасын (РБС) қою ҥшін қан 
сарысуын 0,03 мл мӛлшерінде эмальданған пластинаның шҧқыршығына 
енгізеді. Ірі қара мал, жылқы, тҥйе және шошқаның қан сарысуын 
тексеру кезінде әр шҧқыршыққа 0,003 мл антигенді, ал қой, ешкі, қодас 
және бҧғылардың қан сарысуын тексерген жағдайда әр шҧңқыршыққа 
0,015 мл мӛлшерінде антигенді енгізеді. Сонан соң антиген мен қан 
сарысуын жақсылап бір-бірімен араластырады. Реакция 18-30°С 
температурада жҥргізіледі. Реакция нәтижесін 4 минут аралығында 
компоненттер толық араласқаннан соң, пластинаны қиғаш ҧстау арқылы 
бағалайды. Егер пластина шҧңқыршығында қызғылт тҥсті тҥйіршіктер 
пайда болса, реакция «оң» нәтижелі болып саналады. Ал егер ерітінді 


105 
біркелкі боялып, агглютинация феномені байқалмаса, онда реакция 
«теріс» нәтижелі болып бағаланады. Антиген мен қан сарысуын 
араластырғаннан кейін 4 минуттан соң пайда болған агглютинация 
нәтижесін «оң» реакция деп санамайды, себебі кейбір жағдайда телімсіз 
белоктардың тҧнбаға тҥсуі мҥмкін. Ірі қара мал қан сарысуын тексеруге 
антигенді аз мӛлшерде қолданған жағдайда (0,015 мл кӛлемінде) 
телімсіз реакциялардың пайда болуы мҥмкін. Ірі қара мал қан сарысуы 
мен роз-бенгал антигені қоспасының рН 3,8±0,05 болуы керек. Егерде 
зерттеуге алынған антигеннің кӛлемі аз болса, рН маңызы ӛзгеріп, 
реакцияның телімділігі тӛмендейді.
Қазіргі уақытта РБС ауылшаруашылық малдарының бруцеллезін 
балау ҥшін негізгі әдіс ретінде қолданылады. РБС індеттанулық 
жағдайды қадағалап отыруға тиімді. Әдетте бҧл әдіспен бір мезгілде 
бірнеше мал басын тексере алмайды, сол себепті осы жағынан басқа 
серологиялық әдістерден тиімділігі тӛмен. 
Бақылау сұрақтары: 
1 Агглютинация реакциясының (АР)
механизмі. 2 Агглютинация реакциясына қажетті жағдайлар.
3 Агглютинация реакциясын қандай мақсатта қолданады? 4 Тҥтікті АР 
қою техникасы, компоненттері және реакцияны бағалау. 5 РБС-ның 
қойылу техникасы мен маңызы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет