Микробиология


Ағзаның бейспецификалық тұрақтылығының факторлары



бет129/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   216
8.2. Ағзаның бейспецификалық тұрақтылығының факторлары
Ағзаның бейспецификалық тұрақтылығын сақтауда тері, шырышты қабықша, ферменттер, фагоциттер, комплемент, интерферон, және қан сарысуының тежеуші ақуыздары негізгі рөл атқарады. Олардың жұмыс атқаруы механикалық, физика-химиялық және иммундыбиологиялық факторларының қатынасуымен өтеді..
8.2.1. Тері және шырышты қабықшалар (механикалық қорғаныс)
Сау терінің көпқабатты эпителясы микробтар мен макромолекулалар үшін механикалық кедергі болып саналады. Бірақ, микрожарақат, жәндіктер шаққан орын, күйікке шалдыққан тері және шырышты қабық микробтар мен макромолекулалардың адам денесіне өту мүмкіншілігін тудырады. Вирустар мен бактерияның кейбір түрі макроорганизмдерге жасуша арсындағы саңлау, жасуша арқылы, не фагоциттердің көмегімен шырышты қабықтан ағзаға енуі мүмкін.
8.2.2. Физикалық-химиялық корғаныс
Таза және зақымдалмаған теріде микробтар саны аз, өйткені тер және май бездері бактериоцидтық заттарды (сірке, құмырсқа және сүт қышқылдары) үнемі шығарып отырады. Ауыз қуысы арқылы енген бактериаларға, вирустарға, антигендерге асқазан күрделі кедергі жасайды, өйткені олар асқазанның қышқыл сұйығымен, ферменттермен залалдансыздырылады. Ішекте залалдансыздыру факторларына ішектің калыпты микробтары бөліп шығаратын ферменттер, бактериоциндер, трипсин, панкреатин,липаза, амилаза және өт жатады.
8.2.3. Иммундыбиологиялық қорғаныс
8.2.3.1. Фагоцитоз
Фагоцитоз (грек. phagos – обимын,жұтамын. cytos – жасуша), организмді бөгде заттардан қорғауды қамтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты фактор. Бұл фактор алғашында ішекқуыстыларда құрылған ертеде пайда болған иммундық корғаныстың бір түрі. Құбылысты И.И.Мечников ашып зерттеген.
Фагоцитоз процесін арнайы мамандалған фагоцит деп аталатын жасушалар атқарады. Фагоцитоз – фагоциттердің бөгде затты обып, қорытып және залалдансыздыруына негізделген. И.И.Мечников фагоцитозды атқаратын жасушаларға макрофагтар мен микрофагтарды жатқызған.
Қазіргі уақытта фагоцитозды атқаратын барлық фагоциттер түрі мононуклеарлық жүйе деп аталатын топқа жыйнақталған. Ол топқа тін макрофагтары (альвеоларлық, перитонеалдық т.б.), Лангерганс және Гренстейн жасушалары (терінің эпидермоциттері), Купфер жасушалары (жұлдызша ретикулоэндотелиоциттер), эпителиодты жасушалар, нейтрофилдер мен қанның эозинофилдері және баска жасушалар кіреді.
Фагоциттердің негізгі функциясы. Фагоциттердің функциясы өте аумақты: 1) өлген жасушалар мен олардың қүрлыс құрамын ағзадан шығарады (эритроциттер, қатерлі ісіктің жасушалары); 2) ағзаға әр жолмен еніп қорытылмаған органикалық емес заттарды тысқа шығарады (мысалы,тыныс жолдарымен енген көмірдің бөлшектері, минералдық және басқадай шаң); 3) микробтарды (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар) олардың қалдықтарын жояды және заласыздандырады; 4) организмніңнің төзімділігін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады (комплементтің кейбір компоненті, лизоцим, интерферон, интерлейкиндер т.б.); 5) иммундық жүйенің реттелуіне қатынасады; 6) Т-хелперлерді антигенмен «таныстырады», яғни иммундыкомпетентті жасушалардың кооперациясына қатынасады.
Сонымен, фагоциттер бір жағынан ағзаны табиғатына қарамастан тегі бөгде заттардан тазартып «сыпырындыны жыйнаушы» болса (бейспецификалық функциясы), екінші жағынан спецификалық иммунитетке антигендерді иммундыкомпетентті жасушалар (Т-хелперлерге) танысу және олардың белсенділігін реттеу арқылы қатынасады.
Фагоцитоздың өту сатылары. Фагоцитоз процесі, яғни бөгде затты жұтуы, өңдеуі, бірнеше сатыдан тұрады: 1) фагоциттің жұтылатын затқа жақындауы (хемотаксис); 2) жұтылатын заттың фагоциттың қабырғасына жабысып қонуы (адсорбция, адгезия); 3) жасуша мембранасының жасуша ішіне жұтылатын затпен бірге кіру арқылы фагосомада протопласта құрылуы (вакуольдер мен үлбіректер); 4) фагосоманың лизосомамен қосылып фаголизсомаға айналуы; 5) лизосоманың белсендірілген ферменттернің көмегімен фаголизосоманың ішінде заттың қорытылуы (2-сызбанұсқа)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет