Микробиология


IV-ші типтес реакциялар (Т-лимфоциттердің жанамасымен)



бет183/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   216
11.4.3.4.IV-ші типтес реакциялар (Т-лимфоциттердің жанамасымен)
Бактериялардың, саңрауқұлақтардың, вирустардың, қарапайымдылардың жасуша ішіндегі антигендерге, бөгде тін антигендеріне (трансплантаттардың), табиғи және синтетикалық гаптендерге (дәрілер, тағам бояулары т.б.) иммундық жауапта Т-лимфоциттер демеліп басты рөлді атқарады. Т-лимфоциттер гиперсезіталдықтың баяу түріне жауапкер болғандықтан, төменгі салмақты молекуласы бар заттар Т-лимфоциттер жанамасы арқылы аллергияның 4-ші түрін туғызады. Аллергияның даму механизімінде Т-лимфоциттер түрлі медиаторларды бөліп шығарып, цитотоксикалық зақымдалуды күшейтеді. Аллергияның осы түрін аллергендердің өте төмен өлшемі туғызады. Аллергияның морфоклиникалық көрнісі 24-48 сағаттың арасында пайда болады. Мысал ретінде туберкулин реакциясын келтіруге болады. Аллергияны төменгі салмақты молекуласы бар заттардың тудыратын себебі, олар организмде оның меншікті ақуыздарымен байланысып, толық бағалы антигендерге айланып гиперсезімталдықтың баяу түрін іске асырады (19-сызбанұсқа).

11.4.4. Иммундыпролиферативті аурулар
Бұл топ ауруларының қатарына иммундық жүйенің жасушаларынан тараған патологиялық иммундыпролиферативті процестер жатқызылады. Ол патологияның қатарына қатерсіз ісіктен бастап, қатерлі ісік түріне дейінгі ауруларды еңгізуге болады. Иммундыпролиферативті аурулардың тізімі 11.4 - кестеде келтірілген.

Кесте 11.4.


Иммундыпролиферативті аурулардың классификациясы.


Жасуша түрі

Ауру түрі

В- жасушалар

Созылмалы лимфолейкоз
Ұрық орталығының жасушаларынан тараған ісіктер (лимфосаркома)
Лимфоплазмацитоидық лимфома
В-лимфобластық саркома

Т-жасушалар

Т-лимфобластық саркома
Дереу Т-жасушалық лейкоз
Созылмалы лимфолейкоздың сирек кездесетін түрі

«0» -жасушалар

Жетілмеген лимфоидтық лейкоз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет