2.3.1. Саңырауқұлақтарды жүйелеу (систематика). Микология саласында саңырауқұлақтардың (соның ішінде медициналық маңызы барлардың) жүйелік жіктемесі толық және бірегейлі ретте жасалмаған. Жаңадан жарияланған оқулықтардың, оқу құралдарының ешқайсысында медициналық маңызы бар саңырауқұлақтардың бірегейлі жіктемесі (классификациясы) жоқ. Саңырауқұлақтардың құрылысының өте күрделілігіне, олардың in`vivo және in vitro жағдайында атқарылатын функциялық-морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі зерттеушілер ұсынған көптеген жіктемелік (классификациялық) нұсқалар тәжірибелік дәрігерлердің жұмысын қиындатады. Сонымен қатар, саңырауқұлақтарды зерттеп, идентификациялауда стандарттауда үлкен қиындықтар бар. Өте ауыр түрде өтетін аурулар кезінде (әсіресе иммундық жүйесі әлсірегендерде) бұрын клиникалық маңызы белгісіз саңырауқұлақтар табылатын жағдайлар жиі кездесе бастады; осындай жағдайларда микстинфекциялардың болуы да ықтимал.
Саңырауқұлақтарда көбінесе жыныссыз жолмен қатар жыныстық жолмен көбею жүретіндіктен олардың жіктелуін және таксономиясын анықтауда едәуір қиындықтар туындайды. Бұл өз кезегінде таксономиясын және номенклатурасын қайта қарап өзгертуді қажет етеді. Сонымен бірге Д. Саттон, А.Фотергилл, М.Ринальди ұсынған «Патогенді және шартты патогенді саңырауқұлақтар анықтауышында» (2001 ж.), G.S. De Hoog, J. Guarro, J. Gene. MI. Fugnerras-тың «Клиникалық саңырауқұлақтардың атласында» (2-басылым, Испания, 2000 ж., 1126 бет) қазіргі кезгі классификациялық нұсқа бойынша саңырауқұлақтардың екі атауы-біреуі жыныстық дамуының телеморфты сатысы, екіншісі-жынысыз анаморфты сатысы бойынша қатар келтірілген. Осыған орай саңырауқұлақтардың көптеген түрлерінің бірнеше синонимдары бар. Медициналық әдебиеттерде олардың әртүрлі атаулары кездеседі. Осыған байланысты, және де саңырауқұлақтардың жалпы қабылданған қолжетерлік классификациясы жоқ болғандықтан, оқулықта саңырауқұлақтардың классификациясын «Патогенді және шартты патогенді саңырауқұлақтардың анықтауышы», 2001 ж. бойынша ұсынылып отыр.
Fungi патшалығы. 1) Типі-Askomycota 1. Класы- Endomycetes (ашытқылар)
Қатары-Saccharomycetales
Тұқымдастығы (3)
2. Класы-Euascomycetes (зең саңырауқұлақтар)
Қатары-Dothideales
Тұқымдастығы (6)
Қатары-Eurotiales
Тұқымдастығы (2)
Қатары-Hypocreales
Тұқымдастығы (2)
Қатары-Microascales
Тұқымдастығы (2)
Қатары-Onygenales
Тұқымдастығы (4)
Қатары-Ophiostomatales
Тұқымдастығы (1)
Қатары-Phyllochorales
Тұқымдастығы (1)
Қатары-Sordoriales
Тұқымдастығы (4)
Қатары-Trichospheriales
Тұқымдастығы (1)
Қатары-Xylariales
Тұқымдастығы (2)
2) Типі-Basidiomycota 1. Класы-Heterobasidiomycetes (ашытқылар)
Қатары-Filobasidiales
Қатары-Ustinagenales
2. Класы-Holobasidiomycetes
Қатары- Aphyllophorales
Тұқымдастығы (1)
3) Типі-Zygomycota 1. Класы- Zygomycetes (зең саңырауқұлақтар)
Қатары- Mucorales
Тұқымдастығы (5)
Қатары-Enteromphtarales
Тұқымдастығы (2)
Әрбір тұқымдастыққа туыстастықтардың және саңырауқұлақтардың екі түрдегі (телеморфты, анаморфты) аттары кіреді.
Анаморфты (митоспоралы) саңырауқұлақтар аттарының тізімі (147 туыстастықтар, түрлері) жеке берілген. Жыныстық көбею сатысы анықталмаған саңырауқұлақтарды митоспоралылар деп атайды. Оларды Deuteromicotina немесе Fungi immperfecti-дің 4-типіне жатқызады.
Мицелиялы саңырауқұлақтардың 3 класын ажыратады:
1. Hyphomycetes (гифомицеттер)-конидиялары бос орналасады.
2. Agonomycetes (агономицеттер)-стерильді гифалар, хламидиоспоралар, склероциялар түзеді.
3. Coelomycetes (целомицеттер)-конидиялары ішінде немесе жыныссыз спораұстаушы ерекше құрылымдардың беткейінде орналасады.