Микробиология



бет30/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   216
Байланысты:
мед.микробиология 1 часть каз

Вирус ақуыздарының түзілуі. Жасуша ішіне енгеннен кейін вирус геномы екі түрлі ақуыздардың синтезін бастайды: құрылымдық емес ақуыздар, олар вирустың жасуша ішіне репродукциялануын әртүрлі кезеңдерде қамтамасыз етіп отырады; құрылымдық ақуыздар, олар вирионның құрамына кіреді (геномдық, вирус геномымен байланысушы, капсидтік және суперкапсидтік). Құрылымдық емес ақуыздарға жататындар: а) вирустық геномның транскрипциясы мен репликациясын қамтамасыз ететін РНҚ немесе ДНҚ синтезінің ферменттері; ә) реттегіш ақуыздар; б) құрылымдық ақуыздарға тез таралуының салдарынан өзінің тұрақсыздығымен ерекшеленетін вирустық ақуыздардың ізашары;в)вирустық ақуыздарды модификациялайтын ферменттер,мысалы,протеиназалар мен протеинкиназалар.
Жасуша ішіндегі ақуыз синтезі белгілі траскрипциялану әдісімен өтеді (латынша trancriptio – көшіру), ақпараттық РНҚ-ның нуклеин қышқылынан нуклеотидті ізділікке генетикалық ақпаратты «көшіру» арқылы және трансляциялану (латынша translation – беру) – рибосомаларда иРНҚ-ның көмегімен ақуыз түзу басталады.
ДНҚ-лы вирустар генетикалық ақпаратты жасушалық геном тәріздес іске асырады, мына үлгі бойынша:вирустың геномдық ДНҚ-лы иРНҚ транскрипциялануы → вирус ақуызының трансляцилануы (транскрипция үшін ДНҚ–тәуелді РНҚ- полимераза ферментін пайдаланады)
Оң-жіпшелі РНҚ-лы вирустарда (мысалы, пикорнавирустар, флавивирустар, тогавирустар) РНҚ-ның қызметін атқаратын геномдары болады; ол рибосомалармен танылып, трансляцияланады. Бұл вирустардағы ақуыз синтезі транскрипциясыз төмендегі үлгі бойынша өтеді: Вирустың геномдық (+)РНҚ-лы→вирус ақуызының трансляциялануы.
Теріс біржіпшелі - және екіжіпшелі РНҚ-лы вирустардың геномы (ортомиксовирустарда, парамиксовирустарда, рабдовирустарда), екіжіпшелі (реовирустарда) вирустың нуклеин қышқылымен байланысқан РНҚ-полимеразаның қатысуымен иРНҚ транскибирленетін матрица қызметін атқарады. Ақуыз синтезі оларда мына үлгімен өтеді: вирустың геномдық (-)РНҚ-лы →иРНҚ транскрипциялануы → вирус ақуызының трансляциялануы.
Ретровирустардың (адамның иммунды тапшылық вирусы, онкогенді ретровирустар) генетикалық ақпарат беру жолдары бірегей болып келеді. Ретровирустардың геномы бірдей екі РНҚ молекулаларынан тұрады, дәлірек айтқанда диплоидты болады. Олардың құрамында ерекше вирусоспецификалық фермент-кері транскриптаза немесе ревертаза болады, осы ферменттің көмегімен кері транскрипция процесі іске асады, атап айтқанда геномдық РНҚ матрицасында комплементарлық біржіпшелі ДНҚ түзіледі. Бір жіпшелі комплементтарлы ДНҚ екі жіпшелі комплементтарлы ДНҚ – ға айналады, ол жасушалық геномға тіркеледі, содан кейін ДНҚ–тәуелді РНҚ - полимеразаның көмегімен иРНҚ- ға транскрипцияланады. Бұл вирустардың ақуыздарының синтезі мына үлгімен өтеді: вирустың геномдық РНҚ-лы→комплиментарлық ДНҚ → иРНҚ транскрипциялануы → вирус ақуызының трансляциялануы.
Вирустық геномдардың репликациясы, немесе вирустық нуклеин қышқылдарының түзілуі вириондарды құрастыруда пайдаланылатын, (шығуға дайын тұратын) вирус геномдарының жинақталуына әкеледі. Вирустардың репликациялану механизмі бір-бірінен құрамына қарай ерекшелінеді: 1) екіжіпшелі ДНҚ; 2) біржіпшелі ДНҚ; 3) оң-біржіпшелі РНҚ; 4) теріс-біржіпшелі РНҚ; 5) екіжіпшелі РНҚ; 6) ұқсас оң-жіпшелі РНҚ (ретровирустар).
Екіжіпшелі ДНҚ-вирустар. Екі жіпшелі ДНҚ-лы вирустардың репликациясы әдеттегідей жартылай консервативті механизммен жүреді: ДНҚ-ның жіптері сөгілгеннен кейін оларға комплементарлы жолмен жаңа жіпшелер қосылады. Әрбір жаңа түзілген ДНҚ-ның молекуласы бір аналық және бір жаңадан түзілген жіпшеден тұрады. Бұл вирустарға құрамында бір ұзындықтағы екі жіпшелі ДНҚ (мысалы: герпесвирустар, аденовирустар, поксвирустар) немесе сақина пішінді екіжіпшелі вирустар (папиломавирус тәрізді көптеген ірі вирустардың топтары) кіреді. Поксвирустардан өзге вирустардың вирустық геномының транскрипциялануы ядрода жүреді.
Айрықша репликациялану механизмі гепадновирустар үшін, яғни В гепатиті вирустарына тән болады. Гепадновирустардың геномы екіжіпшелі сақиналы ДНҚ ретінде кездеседі, мұның бір жіпшесі (толық емес оң жіпше) екішісінен қысқарақ келеді. Алдымен толық құралып бітеді. Содан кейін толық екі жіпшелі ДНҚ – ДНҚ тәулді РНҚ полимераза көмегімен кішкене иРНҚ молекулаларын және толық бір жіпшелі оң РНҚ құрай отырып транскибирленеді. Соңғысы прегеномды РНҚ деп аталады, ол вирус геномының репликациялануы үшін матрица болып табылады. Синтезделген иРНҚ ақуыз бен РНҚ-тәуелді ДНҚ-полимеразаның (кері транскриптаза) трансляциялану процесіне қатысады. Осы ферменттің көмегімен цитоплазмаға көшуші прегеномдық РНҚ айырма жіпшелі ДНҚ-ға қайта транскибирленеді, өз кезегінде ол оң жіпшелі ДНҚ-ның синтезделуінде матрицасының орнын алады. Бұл процесс құрамында жартылай оң-жіпшелі ДНҚ-сы бар екіжіпшелі ДНҚ-ның пайда болуымен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет