Микробиология



бет31/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   216
Байланысты:
мед.микробиология 1 часть каз

Біржіпшелі ДНҚ- вирустар. Біржіпшелі ДНҚ вирустарының жалғыз өкілі - парвовирустар болып табылады. Парвовирустар жасушалық ДНҚ-полимеразаларды репликациялық түрі деп аталатын екіжіпшелі вирустық геномның құрылуына пайдаланылады. Бұл кезде вирустық ДНҚ (қосымша жіпше) негізінде комплементті түрде жаңа аймақтағы қосымша жіпшелі ДНҚ синтезіне қызмет етуші матрицада теріс - жіпшелі ДНҚ синтезделеді. Сонымен қатар РНҚ да синтезделіп, вирусты пептидтің трансляциялануы пайда болады.
Оң - біржіпшелі РНҚ- вирустар. Бұл вирустарға - пикорнавирустар, флавивирустар, тогавирустар жатады, бұлардың геномдық оң жіпшелі РНҚ-лы иРНҚ-ның қызметін атқарады. Мысалы, полиовирустардың РНҚ-сы жасушаға енгеннен кейін иРНҚ тәрізді жұмыс жасап рибосомамен байланысады, осының негізінде үлкен полипептид түзіліп фрагменттерге ыдырайды: РНҚ- тәуелді РНҚ- полимеразаға, вирустық протеазалар мен капсидтік ақуыздарға. Полимераза оң жіпшелі РНҚ негізінде теріс жіпшелі РНҚ синтездейді; аралық репликативті звено деп аталатын уақытша екеулік РНҚ құралады. Бұл уақытша репликативтік звено толық оң жіпшелі РНҚ-дан және көптеген жартылай құрастырылған жаңа оң жіпшелі РНҚ-дан тұрады. Бұл механизм вирустың РНҚ геномының көбеюінде және де көп мөлшерде вирустық ақуыздарды түзуге қолданылады.
Теріс біржіпшелі РНҚ- вирусы. Теріс біржіпшелі РНҚ-лы вирустардың құрамында (рабдовирустар, парамиксовирустар,ортомиксовирустар) РНҚ-тәуелді РНҚ- полимераза болады. Жасушаға енген геномдық теріс жіпшелі РНҚ-тәуелді РНҚ-полимеразамен толық және толық емес оң жіпшелі РНҚ-ларға трансформацияланады. Толық емес көшірмелері вирустық ақуыздардың түзілуінде иРНҚ-ның орнын алады. Толық көшірмелері (аралық кезеңі) ұрпақтың теріс жіпшелі геномдық РНҚ-ын синтездеуде матрицаның орнын алады . Екіжіпшелі РНҚ- вирусы. Бұл вирустардың (реовирус, ротавирус) репликациялану механизмі теріс бір жіпшелі РНҚ вирустарының репликациясымен ұқсас болып келеді. Олардың айырмашылығы траскрипциялану процесінде құрылған оң-жіпшелер иРНҚ тәрізді жұмыс жасап қоймай, сонымен қатар репликацияға да қатысады: олар теріс жіпшелі РНҚ-ның синтезделуінде матрицасы болып табылады. Соңғысы оң жіпшелі РНҚ жинағында геномды екіжіпшелі РНҚ-ны құрады. Бұл вирустардың нуклеин қышқылдарының репликациялануы жасуша цитоплазмасында жүреді.
Ретровирустар (оң жіпшелі диплоидты РНҚ-лы вирустар). Ретровирустардың кері транскриптазасы (РНҚ- вирустың матрицасында) терісжіпшелі ДНҚ синтездейді, осыдан сақинаға тұйықталған екіжіпшелі ДНҚ құрайтын оң жіпшелі ДНҚ көшіріледі. Содан соң қосарланған ДНК жіпшесі жасуша хромосомасымен интеграцияланып, провирус құрайды. Көптеген вириондық РНҚ- лы жасушалық ДНҚ-тәуелді РНҚ-полимеразаның қатысуымен интеграцияланған ДНҚ-ның бір жіпшесінің транскрипциялануының нәтижесінде құрастырылады.
Вирустардың қалыптасуы. Вириондар өздігінен жиналу жолымен қалыптасады: вирионның құрама бөліктері вирусты жинақтайтын жасуша цитоплазмасына немесе ядро саласының орнына тасымалданады. Вирион компоненттерінің қосылуы гидрофобтық, иондық, сутектік, және стерикалық сәйкестіктегі бар қосындыларының болуына негізделген.
Вирустар құралуының жалпы принциптері:

  • Вирустардың қалыптасуы - полипептидтің құрамына қарай жетілген вириондардан ерекшеленетін, аралық пішіндер түзетін көпсатылы процесс.

  • Жай құралған вирустардың жинақталуы нуклеокапсидтің құрылуымен және вирустық нуклеин қышқылының капсидті ақуызбен әрекеттесуінен жасалады.

  • Күрделі құралған вирустар алдымен жасушалардың (вирустың болашақтағы липопротеинді қабықшасы) модификацияланған мембраналарымен әрекеттесіп, нуклеокапсидті қалыптастырады. Жасуша ядросында репликацияланатын вирустардың құрастырылуы ядро мембранасының қатысуымен жүреді, ал репликациясы цитоплазмада жүретін вирустардың құрастырылуы эндоплазматикалық тордың немесе гликопротеиндер мен басқа да ақуыздар орналасқан плазматикалық мембрананың қатысуымен жүреді.

  • Күрделі құралған айырма жіпшелі РНК-лы вирустардың (ортомиксовирустар, парамиксовирустар) бірқатарында модификацияланған жасуша мембранасының астында орналасқан матриксті ақуыз (М-белок) вирусты жинақтауға қатысады. Гидрофобты қасиетке ие бола отырып, ол нуклеокапсид пен вирустың липопротеинді қабықшасының арасында байланыстырушы болып табылады.

  • Күрделі құралған вирустар қалыптасу барысында өзінің құрамына иесінің кейбір құрылымдарын,мысалы: липидтер мен көмірсутегілерін қосып алады.

Вирустардың жасушадан шығуы. Вирустардың толық репликациясының айналымы 5-6 сағаттан(тұмау вирусы т.б.). бірнеше тәуліктен соң (гепатовирустар, қызылша вирусы т.б.) аяқталады. Вирустардың репродукциялануы жарылу немесе бүршіктену, экзоцитоз жолдарымен жасушадан шығуымен аяқталады.

  1. Жарылу жолы: жойылушы жасушадан бір уақытта көп мөлшерде вириондар шығады. Жасушадан жарылу жолымен липопротеинді қабықшасы жоқ, жай құрастырылған вирустар шығады.

  2. Бүршіктену, экзоцитоз жасуша мембранасынан туындаған липопротеинді қабықшасы бар күрделі құрастырылған вирустарға тән. Алдымен құралған нуклекапсид немесе вирионның өзегі вирусты спецификалық ақуыздар қалаған жасуша мембранасына тасымалдайды. Сонан соң жасуша мембранасымен нуклеокапсид немесе вирион өзегі жанасқан жерде осы аумақтардың томпайғаны байқалады. Құрастырылған бүршік жасушадан күрделі құралған вирус ретінде ажырап шығады. Соған қарамастан жасуша тіршілікке қабілеттілігін сақтай отырып, вирустардың ұрпағын шығарып отыра алады.

Цитоплазмалық мембранада қалыптасатын вирустардың бүршіктенуі плазматикалық мембрана (мысалы, парамиксовирустар,тогавирустар) немесе эндоплазматикалық тордың мембраналары арқылы жүріп, соңынан жасуша бетіне шығуы мүмкін (мысалы, буньявирустар). Жасуша ядросында құрастырылатын вирустар (мысалы, ұшық вирустары) перинуклеарлық кеңістікке модификацияланатын ядроның мембранасы арқылы бүршіктеніп, липопротеинді қабықшаға ие болады. Сонан соң цитоплазмалық везикулалардың құрамында жасуша беткейіне тасымалданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет