Әртүрлі химиялық топтарға жататын антивирустық препараттар.
1. Адамантан өнімдері.
|
Адапрамин
|
Дейтифорин
|
Ремантадин
|
Амантадин
|
Полирем
|
Троманитадин
|
2. Нуклеозидтердің аналогтары
|
2.1. Тимидинкиназамен селективті белсендірілетіндер
|
Ацикловир
|
Видарабин
|
Пенцикловир
|
Валацикловир
|
Ганцикловир
|
Фамцикловир
|
2.2. ДНК-полимеразаны ингибирлейтіндер
|
Валтрекс
|
Гевизиш
|
Цитарабин
|
Видарабин
|
Фосфоноацетат
|
|
2.3. Кең спектрлі әсер ететіндердің аналогтары
|
Изопринозин
|
Рибавирин
|
Трифлюридин
|
2.4 Қайтымды транскриптазаны ингибирлейтіндер
|
Авакавир
|
Зидовудин
|
Никавир
|
Диданозин
|
Комбивир
|
Ставудин
|
Залцитовин
|
Ламивудин
|
|
3. Қайтымды транскриптазаның нуклеозидтік ингибиторлары
|
Вирамун
|
Ифавиренц
|
|
4. Протеазаны ингибирлейтіндер
|
Ампренавир
|
Калетра
|
Ритонавир
|
Индинавир сульфаты
|
Нелфинавир
|
Саквинавир
|
5. Вирулицидтік емдік дәрмектер
|
Алпизарин
|
Оксолин
|
Флореналь
|
Бонафтон
|
Теброфен
|
Хелепин Д
|
6. Басқа да препараттар
|
Арбидол
|
Иодантипирин
|
Риодоксол
|
Вобэ-мугос Е
|
Моликсан*
|
Флакозид
|
Герперакс
|
Озельтамивир
|
Фоскарнет натриі
|
Глицирризин қышқылы
|
Реленца
|
|
Кесте 5.5.
Антивирустық препараттардың вирустар репродукциялануы кезіндегі
«әсер ететін нүктесі»
Топ №
(№8 кестені қара)
|
Препарат
|
Сезімтал вирустар
|
Вирустар репродукциясы циклындағы нысаналар /мишени/
|
1
|
Амантадин
|
Грипп А вирусы
|
Вирустардың адсорбциялану процесі, матрицалық ақуыз М2, гемагглютинин
|
1
|
Ремантадин
|
-/-
|
-/-
|
6
|
Озельтамивир
|
Грипп А және В вирусы
|
Нейраминидаза
|
6
|
Занамивир
|
-/-
|
-/-
|
2.1
|
Ацикловир
|
Қарапайым герпес (ВГП 1,2)
|
Вирустық полимераза
|
2.1
|
Ганцикловир
|
Цитомегаловирус (ЦМВ)
|
-/-
|
2.2
|
Видарабин
|
Ұшық вирустары
|
-/-
|
2.3
|
Рибавирин
|
Кең спекторлы (НSV,HCV, қызылша, паротит, Ласса вирустары)
|
Вирустық репликазалар (кешенді әсер ету)
|
2.4
|
Диданозин
|
Ретровирустар (HTV)
|
HIV кері- транскриптазасы
|
2.4
|
Ламивудин
|
-/-
|
-/-
|
2.4
|
Залцитабин
|
-/-
|
-/-
|
2.4
|
Зидовудин
|
-/-
|
-/-
|
2.4
|
Ставудин
|
-/-
|
-/-
|
3
|
Вирамун
|
-/-
|
-/-
|
4
|
Индинавир сульфаты
|
-/-
|
HIV /АИВ/ протеазасы
|
4
|
Нелфинавир
|
-/-
|
-/-
|
4
|
Ритонавир
|
-/-
|
-/-
|
4
|
Саквинавир
|
-/-
|
-/-
|
Антивирустық белсенділік және клиникалық қолдану. Қазіргі кезде ХП нәтижелі әсер ететін вирустық инфекциялардың шеңбері белгілі (5.6- кесте).
Кесте 5.6.
Кең таралған вирустық инфекцияларға қарсы қолданылатын химиялық препараттар
Вирусты_инфекциялар__Тиімді_әсер_ететін_препараттар__Топ_№'>Вирусты инфекциялар
|
Тиімді әсер ететін препараттар
|
Топ №
|
Грипп және басқа ЖРВИ /ОРВИ/
|
Адамантин өнімдері. Әр түрлі топтардағы вирулицидті препараттар
|
1,5,6
|
Ұшық
|
Нуклеозидтер аналогтары. Кейбір жағдайда вирулицидті препараттар
|
2,5
|
В және С гепатиттер
|
Нуклеозидтердің аналогтары
|
2
|
АИВ /ВИЧ/
|
Нуклеозидтердің аналогтары. Кері транскриптазаның нуклеозидтік ингибиторлары
|
2,3,4
|
Протеазаның ингибиторлары
|
6
|
Сонымен антивирустық препараттар репродукцияланудың тиісті кезеңдеріне әсер етеді. Мысалы, вирулицидтік препараттар (5-топтағы) жасушадан тыс вириондарды ингибирлейді, нуклеозидтер аналогы (2-топтағы) және кері транскриптазаның нуклеозидті емес ингибиторлары (3-топтағы) вирустық нуклеин қышқылдарының синтезделуіне әсер етеді. Протеаза ингибиторлары (4-топтағы) вирустық ақуыздардың синтезделуіне, ал 6-топтың кейбір өкілдері вирион ұрпақтарының жасушадан шығуына әсерін тигізеді.
Белгілі препараттардың көбісі грипп және басқа ЖРВИ-ға, ұшықпен зақымданудың әр түрлеріне және АИВ-инфекцияға тиімді әсер етеді (белсенді препараттардың 90%-нан астамы). Гепатит вирустарына және нейровирустық аурулардың қоздырғыштарына қарсы бірлі-жарым ғана препараттар қолданылады. Осы кезге дейін басқа вирустық инфекцияларға қарсы этиотропты әсер ететін препараттар жоқ. Сондықтан ХП санының көптігі олардың антивирустық белсенділігінің шынайы диапазонын көрсете алмайды.
Алдын алу мақсатында пайдалану. Бірқатар ХП-ы (адапромин, арбидол, мидантан, оксолин, ремантадин) эпидемиялық бұрқетпе кезінде А,В грипптің және басқа ЖРВИ-ң алдын алу үшін пайдалануға болады. Ішкі ағзалары немесе сүйек кемігі алмастырылған (трансплантация) және иммунды тапшылық қаупі бар (қатерлі ісік кезіндегі химиотерапия, цитостатиктер және иммундыдепрессанттар қабылдаған) науқастарда ЦМВ-инфекцияның алдын алу үшін ганцикловир қолданылады. Қарапайым ұшық вирустары қоздыратын инфекциялардың профилактикасы үшін ацикловир пайдаланылады. Өз кезінде метисазон /марборан/ нағыз шешектің профилактикасы үшін өте тиімді екенін көрсетті.
Химиялық препараттармен емдеудің кемшіліктері. Клиникада ХП-ы кең көлемде қолдану вирустардың штамдарында ХП-ға резистенттілік қалыптасатынын көрсетті, нәтижесінде ХП-дың емдік тиімділігін жоққа келтіруі мүмкін. Дәрілерге төзімділік – вирустардың мутациялануының нәтижесі болып табылады. Әдетте, препаратты бірнеше рет қайталап пайдаланғанда дамиды. Емдеу барысында вирустар арасында сұрыптау /селекция/ процесі жүреді де резистентті мутанттар пайда болады. Мысалы, ремантадин қолданған жағдайда протеин М2 және нейраминидазаның синтезделуін кодтайтын ген мутацияға ұшырайды. Ацикловирге төзімділік – тимидинкиназа құрылымының модификациялануымен немесе ДНҚ-полимераза құрылымын кодтайтын геннің мутациялануымен байланысты; ганцикловирге-инфицирленген жасушаларда препараттың фосфорилирлену деңгейінің төмендеуімен; азидотимидинге – кері транскриптаза құрылымын кодтайтын гендердің мутациялануымен байланысты. Саквинавир және нелфинавирді пайдаланғанда – вирустық протеаза немесе кері транскриптазаны кодтайтын гендер өзгеріске ұшырайды (5.7-кесте).
Кесте 5.7.
Препарат-резистентті штамдар қалыптасуы кезіндегі антивирустық препараттардың әсер ететін нысаналары (мишени)
Вирус
|
Антивирустық препарат
|
Резистенттілік қалыптастыратын ақуыз-нысаналар (мишени)
|
Қарапайым ұшық
|
Ацикловир
|
Вирустық тимидинкиназа, вирустық ДНК-полимераза
|
Пенцикловир
|
-/-
|
Натрий фоскарнеті
|
Вирустық тимидинказа
|
Видарабин
|
Вирустық ДНК-полимераза
|
ЦМВ
|
Ганцикловир
|
Вирустық UL9 фосфотрансфераза; вирустық ДНК-полимераза.
|
Натрий фоскарнеті
|
Вирустық ДНК-полимераза
|
Варицеллазостер
|
Ацикловир
|
Вирустық тимидинкиназа; вирустық ДНК-полимераза
|
А тұмау
|
Амантадин
|
Вирустық М2 ақуыз (иондық арна)
|
|
Ремантадин
|
-/-
|
|
Зинамивар
|
Вирустық нейраминидаза
|
Адам иммундытапшылық вирусы
|
Кері транскриптазаның
нуклеозидті ингибиторлары
|
Вирустық кері транскриптаза (ревертаза)
|
Кері транскриптазаның нуклеотидті емес ингибиторлары
|
-/-
|
Протеаза ингибиторлары
|
Вирустық протеаза
|
Антивирустық препараттарды қолданғанда болатын жанама жағдайлар.
Тұмауға қарсы препараттар. ОЖЖ-де эндогенді дофаминнің әсерін күшейтуі нәтижесінде лоқсу, құсу, ашушаңдық, елермелік (галлюцинация) және психоз қоздыруы мүмкін. Шеткейлік дофаминдік рецепторларға әсер ете отырып АҚ (АД) төмендетуі және несеп шығаруды тоқтатуы ықтимал. Аллергиялық реакциялар (теріде бөртпе пайда болу) байқалады. Ұшыққа қарсы препараттар - ацикловир, фамцикловир, валацикловир энцефалопатиялық реакциялар (бас ауыруы, қалтырау, елермелеу, тырысу), диспептикалық өзгерістер, бауыр қызметінің және қан түзілуінің бұзылуын, АҚ (АД)-ң төмендеуін тудыра алады.
Анти - АИВ (ВИЧ) препараттар. Қайтымды транскриптаза ингибиторлары бас ауыру, лоқсу, іш өту, ұйқышылдық, теріде бөртпе, миалгия, парастезия, гипертермия, қалтырау, жөтел, депрессия қоздыруы мүмкін. Протеаза ингибиторлары (индинавир) бауыр қызметінің бұзылуын, диабет (сусамыр), гемолитикалық анемия, дизурия қоздыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |