Жалпымикробиология (бактериялар мен вирустардың морфологиясы, физиологиясы; микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығы/ төзімділігі; бактериофагтар; микроорганизмдердің патогенділігі (инфекция); микроэкология; иммунитет т.б.)
Жеке микробиология (бактериология, вирусология, микология, протозология, гельминтология) қоздырғыштардың жіктелуі, морфологиясы, дақылдандыру, антигендер. Патогенділік; жұқпалы ауруларға микробиологиялық диагноз қою әдістері, емдеу мен алдын алудың негіздері сияқты тарауларды қамтиды.
Клиникалық микробиология (шартты-патогенді микроорганизмдер, олардың адам патологиясындағы рөлі, микробиологиялық диагноз қою принциптері; қалыпты микрофлора, адамдарда болатын дисбактериоз және оған микробиологиялық диагноз қою; госпитальдық инфекцияларға диагноз қою және алдын-алу принциптері)
Ауыз қуысының микробиологиясы, оның дәрігер стоматологтар үшін маңызы.
Оқулық дайындау кезінде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің микробиология кафедрасының ұжымы қыруар жұмыс атқарды. Техникалық безендіру бойынша және бірқатар материалдар дайындауда белсенді қатысқаны үшін доценттер А.Ә.Стамқұлова, С.Ш. Шакиевке, аға оқытушылар Б.М. Хандиллаеваға, Т.С. Бегадиловаға, оқытушы М.Н.Егембердиевке авторлар шексіз алғысын білдіреді.
Және де осы оқулықты дайындаудың бастапқы кезеңінде қатысқаны және қолдау көрсеткені үшін м.ғ.д., профессор Ү.Т. Арықпаеваға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Ұсынылып отырған оқулық студенттерге, оқытушыларға, магистранттарға, докторанттарға, дәрігер-микробиологтарға, паразитологтарға, вирусологтарға, стоматологтарға, және де медициналық микробиологиямен байланысты басқа саладағы дәрігерлер мен биологтарға арналған.
Қазақ тілінде бірінші рет «Медициналық микробиология» бойынша ресми оқулық шығарудың маңыздылығын және үлкен жауапкершілігін түсіне отырып, ұсыныс жасаған және пікір айтқан оқырмандарға авторлар алдын ала алғысын білдіреді. Барлық ұсыныстарды біз шын көңілмен қабылдаймыз және оқулықтың келесі шығарылымында іске асырылады деген сенімдеміз.