Ыстық ауалы стерилизаторда 800С - 85 0С та кептіреді.
Стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау. Медициналық аспаптарды , шприцтерді, инелерді, және басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау сынамалар қою арқылы жасалады. Қан қалдықтарын анықтау үшін амидопириндік және азопириндік сынама қойылады. Жуғыш заттардың қалдықтарын фенолфталеиндік сынамамен, майдың кетпегенін судан 3 – пен сынама қойып анықтайды.
Амидопириндік сынама – 5% амидопириннің спирттік ерітіндісін + 30% сірке қышқылын + 3% сутектің асқын тотығын бірдей мөлшерде араластырады. Нәтижесі оң болғанда – көгілдір –күлгін түс береді
Химиялық тест арқылы, аталған байланыстардың біреуін пайдаланып жасалады: гидрохинон, шарап қышқылы, тиамочевина, левомицетин. Стерилизациялану тиімділігі орындалғанда тест түсін өзгертеді.
Бактериологиялық – биотесттер ретінде 160 әС температурада 1 - 1,5 сағат ұстағанда өлмейтін шөп немесе картоп таяқшаларының спораларымен жұқтырылған, пробиркалар қолданылады.
Стерильдеуші заттардың көпшілігі мұндай өңдеуге шыдамсыз, сондықтан оларды булы стерилизаторда залалсыздандырады.
Булы стерилизаторларда қысымды бумен өңдеу ( бұрынғы аты- автоклав) -стерилдеудің әмбебап тәсілі.
Булы стерилизатор – қабырғасы мықты, герметикалық жабылатын, су буы және стерилдеуші камерадан тұратын металды цилиндр. Аппарат манометр , термометр және басқа да бақылау- өлшеу құралдарымен жабдықталған. Автоклавта жоғары қысым қайнау температурасын арттырады (6.2 - кесте)