6.3.2. Дезинфекция. Дезинфекция (француз тілінде des- инфекциялық бастаманы жою, алу) – микробтармен ластанған затты, оны қолданғанда нифекция қоздырмайтын дәрежеге дейін микробтарды жоюға арналған өңдеу процедурасы. Дезинфекция кезінде микробтардың көпшілігі (патогенділері) өледі, бірақ споралары мен кейбір резистентті вирустар тіршілікке қабілетті жағдайда қалуы мүмкін
Зарарсыздандыру (дезинфекция) – патогенді бактерияларды, вирустарды, риккетсияларды, саңырауқұлақтарды, қоршаған ортадағы токсиндерді жою.
Дезинфекциялаудың мақсаты – көбінде микроорганизмдердің патогенді (барлығын емес) түрлерін жою. Дезинфекцияның стерилизациядан айырмашылығы сол, стерилизация кезінде микробтардың барлық түрлері және олардың споралары да жойылады.
Дезинфекцияның екі түрін ажыратады: профилактикалық және ошақтық.
Ошақтық қортынды және күнделіктіге бөлінеді.
Күнделікті дезинфекция - ауру аяқталғанға дейін, бірақ науқас бар кезде оның бөліп жатқан қоздырғыштарын дер кезінде өңдеп отыру мақсатында, күнсайын (науқастың бөлінділерін, ыдыстарын зарарсыздандыру) жасалады.
Қортынды дезинфекцияны инфекция қоздырғышының көзін алып кеткенде (ауруханаға жатқызғанда, ауысқанда, өлгенде, жазылып шығып кеткенде) сол ошақта (әдетте бір рет ) жасалады. Оның мақсаты – жасалып отырған күнделікті дезинфекциядан кейін ошақта тасымалдаушы факторлары ретінде қалған қоздырғыштарды жою.
Ол, қоздырғыштары қоршаған ортада төзімді инфекциялар ошақтарында жүргізіледі (оба, тырысқақ, , қайталама сүзек, күйдіргі, салмонеллездер, гепатит, сал, түбіркүлез, алапес және басқалары). Бұл кезде қоршаған ортада таралуы мүмкін және таратушы фактор болып табылатын объектілерді қоздырғыштардан толық зарарсыздандыруға тырысады.
Жұмысты ең алдымен жинауыш инвентарьларды зарарсыздандыратын дез. ерітіндіні дайындаудан бастайды . Науқастың бөлмесінде оның бөлінділерін, горшогын, іш киімдерін, тағам қалдықтарын, ыдыстарды, еденді, қабырғаны, жалпылай пайдаланылатын орындарды зарарсыздандырады. Төсек орынын, орамалдарды, сүлгілерді, дез. ерітіндіге салып қайнатады, камералық дезинфекциядан өткізеді. Қабырғалар дез. ерітіндімен өңделеді, терезелер, есіктер, сүртіледі, қалдықтарға дез. ерітінді құйылып, артынан өртеледі.
Алдын алу дезинфекциясын қоздырғыш табылмаса, ал қоздырғыш қоршаған ортада көбеюде деп шешкен жағдайларда,жұқтырушы науқас, сау адамдардың арасында жүр немесе болуы мүмкін, бірақ әлі анықталмай жатқан кезде жасалады.
Жұқтырушы науқас,сау адамдардың арасында жүрген жағдайда немесе қоздырғыш басқа жолдармен жиналып жатыр деген болжамдар болған жағдайда алдын алу дезинфекциясы күнделікті сияқты өтеді. Күнделікті дезинфекцияның ережелері бойынша науқас (тасымалдаушы) пайдаланған заттар сау адамға берілмес бұрын зарарсыздандырылуы керек. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары болуы мүмкін ағынды суларды зарарсызданды.
Басқа жағдайларда алдын алу дезинфекциясының жүргізілуі қортынды дезинфекциялық сипатта болады. Оған мысал ретінде инфекциялық аурулардың қоздырғыштары болуы мүмкін суды хлорлауды жатқызуға болады. Тамақтану алдында қолды жуу, науқастың немесе ішек инфекцияларын тасымалдаушылыр нәжісінің қол арқылы ауызға түсуіне жол бермейді. Осылайша алдын алу дезинфекциясы, өзінің сипаты мен құрамына қарай күнделікті де, қортынды да дезинфекцияның шараларын іске асырады. Алдын алу дезинфекциясын емханаларға науқас келіп кеткеннен соң, балалар мекемелерінде, адамдардың көп жиналатын жерлерінде , транспортттарда, тағам өнеркәсібінде, жалпы тамақтану орындарында жүргізіп отыру керек. Алдын алу дезинфекциясын жүргізу әдісі ошақтық дезинфекциядан аз ерекшеленеді. Бірақ алдын алу дезинфекциясында физикалық факторларды(жоғары температураны) және жуу – зарарсыздандыру заттарын, пастылар мен сабындарды жиі пайдаланған жөн. Алдын алу дезинфекциясы кезінде қолданылатын арнайы әдістерге тиісті жабдықтармен ауыз суды және ағынды суларды зарарсыздандыру, күйдіргі қоздырғышымен ластанды деген жануар шикі заттарын , шаштараздардағы сақал алатын саймандарды дезинфекциялау, жүзу бассейндерін және басқа да жалпылай пайдалану орындарын дезинфекциялау жатады.
Әйелдер босанатын үйлерде ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу және күресу үшін тілмесі бар және іріңді – септикалық аурулармен ауыратын сәбилерді дер кезінде зерттеп, оқшаулау, алтынды стафилококк тасымалдаушыларды анықтайды. Акушерлік стационарларды толық дезинфекциялау үшін жылына бір реттен кем емес уақытша жабады.Әйелдер босанатын және босанар алдындағы палаталарды және балалардың палаталарын жаппай өңдеу 6% сутектің асқын тотығының ерітіндісімен, 0,5% жуу затымен, 5% хлорамин ерітіндісімен жүргізеді.