Микробиология



бет198/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   216
13.2.2.6. Адъюванттар
Жоғарыда айтылғандай вакциналардың иммуногендік дәрежесін көтермелеу үшін адъюванттар қолданылады (лат. adjuvant – көмекші). Адъювант ретінде минералдық сорбенттер, полимерлі заттар, күрделі химиялық қосындылар ( ЛПС, мурамилпептид); бактериялар мен оның компопенттірі ( мысалы Фрейнд адъювантына қосатын БЦЖ -ның сорындысы); қабыну тудыратын заттар ( сапонин, скипидар) қолданылады. Жоғарыда айтылғанға сәйкес адъюванттардың барлық түрі организмге бөгде заттар болып келіп, әртүрлі тектен және құрамнан тұрады, ал ұқсастығына қарай –олардың барлық түрі антигенің иммуногендігін күшейтеді. Адъюванттардың әсер ету механизімі өте күрделі. Олар антигенге де ағзаға да әсерін тигізеді. Антигенің молекуласын ұлғайтып, ерітілетін антигендерді корпускулярлыққа айландырады. Соның нәтижесінде олардың фагоциттермен өңделуі және басқа иммунды жауапты жасушалармен өзара қатынасқа түсуі жеңілдейді. Сонымен қатар, антигендер организмге енген жерінде фибринозды капсуласы бар қабыну тудырып, антиген көп уақытқа дейін сақталып, антигендік тітркендірудің уақытын ұзартады. Сондықтан, адъювант қосылған вакциналарды «деполанған» («сақталған») деп атайды. Адъюванттар иммунитеттің Т-, В-, А –жүйелерін тікелей демейді және де организмнің қорғаныс ақуыздарының түзілуін үдетеді. Адъювант антигендердің иммуногендік қасиетінің дәрежесін бірнеше сатыға көтереді.
13.2.2.7. Ассоциаланған вакциналар
Вакцина егуді және егу санын қысқарту үшін арнайы ассоцияланған (құрамаланған) вакцина түрі ойлап табылған, яғни бір препараттың ішіне түрлі текті антигендер кіріп, бірнеше ауру түріне қарсы иммунизациялауға болады. Вакцинаның ондай түрін құру ғылыми түрде дәлелденген, өйткені иммундық жүйе бір мезгілде бірнеше антиген түріне жауап бере алады. Ассоциациялық вакцина жасау жолындағы шешілетін ең басты мәселе, ол вакцинаға кірген антигендердің бірімен бірі қарсыластыққа түспеуі және жанама көрніс тудырмауы. Ассоциалық вакцинаның ішінде тірі және бейбелсендірілген препаратар бірге болуы мумкін. Егер препараттың ішіне бір текті антигендер кірсе оны поливакцина деп атайды. Мысал ретінде полиомиелитке қарсы қолданылатын вакцинаны айтуға болады (қоздырғыштың үш түрінің антигені кіреді).
Егерде ассоциаланған вакцинаның ішіне түрлі текті антигендер кірсе онда оны комбинацияланған вакцина деп атаған дұрыстау болады. Мысалы, АКДС (адсорбталған көкжөтел-күл-сіреспе вакцинасы). Ол вакцина бейбелсендірілген корпускулярлық көкжөтел вакцинасынан, күл және сіреспе анатоксидерінен тұрады. Комбинацияланған вакцина күрделі эпидемиологиялық жағдайда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет