Негізгі гистосәйкестік комплекс– жасушалық иммундық реакцияларда маңызды қызмет атқаратын организмнің жасушаларындағы беткей ақуыздар тобы. Адамның НГК-сі HLA жүйесі деп аталады. HLA 1952 жылылейкоциттер антигендерін зерттеу кезінде ашылған. HLA антигендері жасушалардың бетінде орналасқан гликопротеидтер. HLA антигендері бөгде антигендерге қарсы иммундық жауапты реттейді және өздері де күшті антиген болып табылады. НLA-нің қызметтері: 1) иммундық жауап кезінде жасуша аралық әрекеттесуді іске асырады. НLA молекулаларының көмегімен бөгде антигендік материал Т-жасушалық антигенді танушы рецепторларға таныстырылады . 2) HLA-аймақ организмнің жалпы иммунологиялық реактивтілігіне жауапты болып табылады. HLA-аймақта организмді белгілі антигенге қарсы иммундық жауап түзуге қабілетті ететін арнайы иммундық жауап гені (Ir - immune response) болады, және бұл қызмет ауруларға бейімділікті анықтайды.
Барлық сүтқоректілерде және құстарда табылған.
Негізгі гистосәйкестiк комплекс (МНС- Major Histo compatybility Complex) Тышқандарда бұл комплекске Н-2-антигендер, адамдарда HLA-жүйесi (Human Leucocyte Antigens System - адамдардың лейкоцитарлық антигендер жүйесі) кiредi.
1958 жылы шеткері қанның лейкоциттерiнде осы антигендердi бiрiншi ашқан француз ғалымы Ж.Досce. НLА-жүйесi адамның 6 хромосомасының қысқа иығында орналасқан және оған 5 локус кiредi: А, В, С, D, DR. Хромосоманың центромерасынан бастап локустар орналасуы: D (DP, DQ), DR, B, C, A.
Әр локуска гендердің өте көп аллельдік варианттары кiредi, оларды арнайылықтары (ерекшеліктері) деп атайды және арабша цифрлармен белгiлейдi. Қазiргi кезде жақсы зерттелген А және В локустары, осы локустардың көптеген аллельдерi анықталған. Қазiр А локусында 60-тан аса, В-локусында 136, С-локусында 38 аллельдер анықталған. D локустың өзі 2 локустан тұрады, соның iшiнде DQ, DP. DR- локусына - 139 аллель кiредi, DQ - 40 аса, DP - 80 шақты аллельдерi анықталған.
HLA-комплексіне үш гендер кластары кiредi, ал трансплантациялық антигендеріне I және II класка жататын HLA антигендерi жатады.
Ата-анасынан берілген хромосомаларындағы НLА-гендердiң жиынтығын НLА-генотип деп атайды.
Бір хромосомадағы HLA-гендер жиынтығы HLA-гаплотип деп аталады.