Микробиология



бет197/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   216
13.2.2.3. Молекулалық вакциналар.
Молекулалық вакциналар да антиген, олардың спецификалығын анықтайтын молекулалық немесе молекуланың бөлшегі түрінде болады (эпитоптар, детерминанттар). Иммунитет туғызатын протективті антигендерді табиғи патогенді микробтарды өсіру кезінде биологиялық синтез арқылы алуға болады ( мысалы, экзотоксині бар күл, сіреспе, ботулизм микробтарынан). Токсинді молекула түрінде бөліп шығарғаннан кейін, формалинмен өңдеп оның улығын жойып антигендік және иммуногендік қасиетін сақтайды. Гендік инженерияның дамуы неше түрлі рекомбинанттық вакциналарды алуға мүмкіншілік тудырды. АИВ-қа, вирусты гепатиттерге, полиомиелитке, тағы басқа көптеген ауруларға қарсы вакциналарды айтылған тәсілмен дайындаудың зор болашағы бар. Молекулалық вакциналарды алудың тағы бір жолы оларды лабораторияда химиялық синтез арқылы жасау, бірақ бұл жол өте күрделі және мүмкіншілігі шектеулі.
13.2.2.4. Анатоксиндер (токсоидтар)
Молекулалық вакциналардың түріне күл, сіреспе, ботулизм, газды гангренаның қоздырушыларының анатоксиндері жатады. Анатоксин алудың принципіне негізінде токсинді 0,4 пайызды формалин ерітіндісімен 37 градус жылылықта 3-4 жұма өңдеген кезде токсин улығын жоғалтып антигендік және имуногендік қасиетін сақтап қалуы жатады. Алынған анатоксинді тазартып оған адъювант қосады. Анатоксиннің өлшемі спецификалық антитоксинмен байланыстырушы (ЕС), немесе флокуляцилайтын бірлік көрсеткішпен (Lf) есептеледі. Анатоксин өте тиімді вакциналар түріне жатады. Мысалы, күлге, сіреспеге қарсы анатоксинді егу арқылы осындай аурулар саны күрт төмендеп эпидемия пайда қаупі жойылған. Тазартылған анатоксин тері астына, не бұлшық ет ішіне егіледі.
13.2.2.5. Синтетикалық вакциналар
Антигендердің молекулалары , не олардың эпитоптары өте төмен дәрежелі иммуноген-дер. Оның себебі әржақты. Сондықтан олардың иммуногендік дәрежесін жоғарылату үшін, оларға иммунгендік көрсеткіші зор ірі молекулалы заттарды (полимерлер) жалғастырады. Ондай заттардың адъюванттық қасиеттері де болуы мүмкін.Сонымен синтети-калық вакцина антиген (не эпитоп)+ полимер+адъювант қосындысынан тұрады. Синтетикалық вакцинаны жасау процесі өте күрделі, дегенмен бірталай елдерде болашағы мол белсенді жұмыс жүргізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет