Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты



бет11/39
Дата27.11.2023
өлшемі256,41 Kb.
#129595
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Капсулаларды бояу. Кейбір микробтардың жасуша қабырғасының бетінде шырышты қабаты
болады. Ол цитоплазмада түзіліп, клетка қабырғасының бетінде секрет ретінде шығарылып отырады.
Капсулалардың химиялық құрамы әр түрлі: олардың кейбіреулері белоктар кешенінен тұрса, ал енді
біреулері полисахаридтерден құралады. Капсула мен жасушаның қалған бөлігі бірдей боялмады. Капсула
қорғаныс рөлін орындап, көбінесе патогенді микроорганизмдерде кездеседі. Мұндай микробтар капсуласы
жануарлар организмінде жиі, ал сирек жағдайда жасанды қоректік орталарда да пайда болуы мүмкін.
Капсулалар жарық сәулелерін әлсіз сындырады, сондықтан тірі боялмаған клеткада оларды байқау өте қиын.
Капсулаларды бояудың бірнеше тәсілдері бар.
Ольт тәсілі. Жағындыны сафраниннің 2-3%-ды ерітіндісімен бояйды. Бояғышты қолданар алдында
оның ұнтағын ыстық суда еріту арқылы дайындайды (ерітінді сүзіледі). Бояуды жалынның үстінде 1-3 минут
аралығында жүргізеді де, оны тез арада сумен шаяды. Препарат кептірілмей (оның үстінде судың болуы
керек) жапқыш шынымен жабылып микроскоптың иммерсионды жүйесімен зерттеледі. Су қабатынан өткен
жарық сәулелері капсула мен микроб клеткасының денесінің айырмашылығын үдете түседі. Микроскоптың
көз шалымында микроб клеткасының денесі қызыл, ал капсула сары түсті болып көрінеді.
Михин тәсілінде бекітілген жағынды Леффлердің метилен көгімен 2-3 минуттай ысыта отыра
боялады. Жағынды тез сумен шайылып, кептіріледі.
Микроскопиялық көрініс: микроб клеткасының денесі қара көк, ал капсуласы ашық қызғылт.
Микроб жасушасының элементтерін бояу. 
Гликогенді бояу. Микроб клеткасының цитоплазмасында гликоген-жануарлар крахмалы
(полисахарид) жиі кездеседі. Оны өсінді тамшысының үстіне сол мөлшерде Люголь ерітіндісін қосу арқылы
табуға болады. Люголь ерітіндісімен қосылған гликоген қызыл қоңыр түске боялады. Бұл элементтер



ашытқыларда, пішен бацилласында және т.б. микробтарда кездеседі. Қоректік ортада көмірсулардың


мөлшері көп болған жағдайда гликогеннің жиналуы байқалады.
Гранулезаны бояу. Гранулеза-полисахарид, крахмал тәріздес зат. Олардың көп мөлшері жасушаның
ұрық түзуі алдында байқалады. Гликоген сияқты гранулеза да Люголь ерітіндісімен әрекеттескенде қара-көк
түске боялады. Май қышқылды бактерияларда гранулезалар көп болады. Гранулезаны табу үшін картоп
ортасында өсірілген май қышқылды микробтардың дақылдарының тамшысына сол мөлшерде Люголь
ерітіндісін құйып, жамылғы шынысымен жауып, микроскоптың иммерсионды жүйесімен қарағанда көк
түске боялған ұршық тәріздес жасушаларды көруге болады. Бұл жасушаларды көруге болады. Бұл
жасушалардың бір шетінде боялмаған ұрықтар орналасады.
Майды бояу. Май көптеген микрорганизмдердің жасушасында (картоп бацилласы, ашытқылар)
болады. Микробтардың майын судан ІІІ-тің спирттегі ерітіндісімен бояйды (0,05г судан ІІІ + 100мл 96% этил
спирті). Ол үшін өсінді тамшысына бояғыш затты қосып араластырады. Май тамшылары қызыл түске
боялады, ал цитоплазма түссіз болып қалады.
Волютин түйіршіктерін бояу. Волютин микроб клеткасында гранула түрінде кездеседі. Бұл
гранулалар полифосфаттар мен нуклеин қышқылдарына жақын заттардан тұрады. Препаратты Омелянский
тәсілімен бояу арқылы волютин гранулаларын табуға болады.
Жалынның үстінде бекітілген жағындыны 30 секунд Циль фуксинімен бояйды. Препарат шайылған
соң 1%-ды күкірт қышқылының ерітіндісімен 20-30 секунд түссіздіндіріледі. Сумен қайта шайылған
жағындыны метилен көгінің әлсіз ерітіндісімен (1:40) 15-20 секунд бояйды. Микроскопиялық көрініс:
валютин түйіршіктері қызыл, ал цитоплазма көк түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет