Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты


Бояудың негативті тәсілінде



бет10/39
Дата27.11.2023
өлшемі256,41 Kb.
#129595
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Бояудың негативті тәсілінде ая (фон) боялып, микробтардың реңі боялмайды. Бұл тәсілде қызыл
конго, колларгол, кармин және тағы басқа қышқылды бояғыштар қолданылады.
Бояу техникасы. Зат шынысының бетіне қызыл конгоның 3%-ды судағы ерітіндісінің бір тамшысын
тамызады да, оның үстіне зерттеуге алынған материалды қосып, сәл ғана араластырады. Сонан соң жамылғы
шынының көмегімен қоспадан зат шынысының бетінде жағынды жасайды (қаннан жағынды дайындаған
тәрізді). Жағындыны ауада кептіргеннен кейін микроскоптың имерсионды жүйесі арқылы зерттейді.
Боялмаған микробтардың формалары қызыл қоңыр фонда айқын көрінеді.
Бояу тәсілінде қызыл конгоның судағы ерітіндісінің орнына жақсы центрифуганың тушь алынады.
Микроскоппен қарағанда препараттың қара фонында боялмаған микробтар жақсы көрінеді.
Споралары (ұрық) бояу. Спораларды күрделі тәсілдермен бояйды, өйткені олардың қабықтары
тығыз болып келеді.
Бояр алдында споралардың қабығын улағыштармен (хром, тұз қышқылдары) немесе жылытылған
фенолмен әсер ету арқылы жұмсартып алады. Осы жағдайда жасушалардың споралары жақсы боялып, кейін
қышқылдармен қысқа уақыт ішінде әрекет еткенде түссізденбейді. Микроб жасушасының вегетативті денесі
қышқылдардың күшімен түссізденіп, тек қосымша қарама-қарсы бояулармен бояғанда ғана көрінеді.
Златгоров тәсілі. Жалында бекітілген жағындыға Циль фуксині сіңдірілген құрғақ сүзгіш қағазды
(жамылғы шынының мөлшеріндей) қойғаннан кейін судың бірнеше тамшысын тамызып, қыздыра отыра 5-7
минуттай боялады. Жағынды құрғап кетпес үшін оның бетіне су тамызып отыру керек. Сонан соң жағынды
3%-дық күкірт қышқылының судағы ерітіндісімен 5-10секунд түссіздендірілгеннен кейін сумен шайылады.
Препаратты қосымша 2-3 минуттай метилен көгімен бояп, сумен шайып, кептіреді.
Микроскоптың көз шалымында споралар қызыл түске, ал негетативті жасушалар көк түсті болып
көрінеді.
Пешков тәсілінде жалын үстінде немесе спирт пен формалиннің қоспасында бекітілген жағындыны
Леффлердің метилен көгімен 15-20 секунд аралығында қыздыра отыра бояп, сумен жуады. Жағынды
қосымша бейтарап (нейтралды) қызылдың 0,5%-дық судағы ерітіндісімен 30 секунд боялады. Сонан соң
препарат жуылып, кептіріледі. Бұл препаратты микроскоппен қараған жағдайда ұрықтар көгілдір немесе
көк, жас ұрықтар қара-көк, вегетативті формалар қызғылт, хроматинді элементтер күлгін түсті болып
көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет