Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты



бет12/39
Дата27.11.2023
өлшемі256,41 Kb.
#129595
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Әдебиеттер:
1 Бұлашев А.Қ., Сұраншиев Ж.А., Жұмабаев Х.Ж. Жалпы микробиология пәнінен ветеринариялық
медицина факультетінде оқитын студенттердің зертханалық тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік
нұсқауы. Астана, 2005ж. 17-20 беттер. 2 Асонов Н.Р. Практикум по микробиологии // Москва,
«Агропромиздат». 1988. С. 30-34. 3 Костенко Т.С., Скаршевская Е.И., Гительсон С.С. Практикум по
ветеринарной микробиологии и иммунологии // Москва, «Агропромиздат». 1989. С. 27-28.
Бақылау сұрақтары: 1 Бактериялардың спораларын қандай тәсілдермен бояйды? 2
Микроорганизмдердің спораларын, капсулаларын және басқа элементтерін бояу тәсілдері. 3 Қандай
сеБептерден бактерия споралары физикалық және химиялық факторларға төзімді болып келеді?
Бесінші зертханалық-тәжірибе сабағы
МИКРОБТАРДЫ ТІРІ КҮЙІНДЕ ЗЕРТТЕУ. МИКРОБТАРДЫҢ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ
Сабақтың мақсаты: ет пептон сорпасында өсірілген топырақ микробтардың тәуліктік
өсінділерінен «аспа» және «қысылған» тамшыларды дайындау. Микробтардың тірі күйіндегі қозғалыстары
мен жағдайларын зерттеу. Микробтардың мөлшерін анықтау тәсілдерімен танысу. Алдыңғы сабақтарда
дайындалған жағындылардағы микроб жасушаларының көлемін анықтау.
Жабдықтар мен материалдар. Топырақ микробтарының 12-18 сағаттық өсінділері бар шыны
түтіктер. Микробиологиялық ілмектер. Физиологиялық ерітінді. Зат және жамылғы шынылары.
Шұңқыршасы бар зат шынысы. Вазелин. Шыны таяқшалар. Спирт шамдары. Микробтардың көлемін
анықтау үшін алдыңғы сабақтарда жасалған жағындылар. Микроскоптар. Бал қарағай майы. Объектілі және
окулярлы микрометрлер. Кестелер.
Микробтарды тірі күйінде зерттеу. Көптеген микробтар тірі күйінде қозғала алады. Қозғалыстың
жылдамдығы мен сипаттамасы өсіндінің жасына, қоршаған ортаның жағдайларына және микробтардың
түріне байланысты болады. Жас микроорганизмдердің жылжымалылығы жақсы байқалса, ал ескілерінің бұл
қасиеті әлсіздеген немесе тіптен байқалмайды. Микроорганизмдердің жылжымалылығы олардың тіршілік
әрекетінің, өнімдерінің қоректік ортада көбейген уақытында бәсеңдейді де, кейін біржола тоқтатылады.
Микробтардың түрін анықтау кезінде олардың жылжымалылығының бары немесе жоғы еске алынады.
Қозғалыс органдары – қыл аяқтар микроб жасушасының бетінде әр түрлі позицияда орналасады.
Қыл аяқтарының орналасуына байланысты бактериялар төрт топқа бөлінеді: монотрихтер – бір ған қыл
аяғы бар бактериялар (1), лофотрихтер – таяқшаның бір ұшында бір шоқ қыл аяқтар орналасады (2),
амфитрихтер – екі полярлы орналасқан қыл аяқтары бар бактериялар (3,4), перитрихтер – қыл аяқтар
бактерияның барлық денесінің бетінде орналасқан (5). Монотрихтер мен лофотрихтер үдемелі қозғалыспен
жылжиды. Амфитрихтер мен перитрихтер ретсіз қозғалыста болады.
Микробтардың қозғалуын анықтау үшін жас өсінділер алынады (12-24 сағаттық). Зерттеуді «аспа»
және «қысылған» тамшылардың препараттарын дайындау арқылы жүргізеді.
«Аспа» тамшысын шұнқыршасы бар зат шынысында дайындайды. Шұңқыршаның шетіне
вазелинді жұқалап жағады. Микроорганизмдерді жамылғы шынысының бетіне тамызады. Егер
микроорганизмдер сұйық қоректік ортада өсірілген болса, онда зерттеуге осындай өсіндінің бір тамшысы
алынады. Ал егер тығыз ортада өсірілсе, жамылғы шынысының бетіне әуелі физиологиялық ерітіндінің бір



тамшысын, сонан соң оған микроб өсіндісін тамызады. Зат шынысын 180°-қа аударып, жамылғы


шынысындағы тамшыны шұнқыршаны ортасына бағыттай отыра, төмен түсіреді. Сонан соң зат шынысын
бастапқы қалпына келтіреді. Мұндай препаратта тамшы жамылғы шынысының ішкі бетінде асылып тұрады,
басқаша айтқанда, тамшы герметикалық жабылған дымқыл камерада ілініп тұрады. Бұл
препаратмикробтардың жылжымалылығын көп уақыт аралығында бақылауға мүмкіндік береді. Препарат
шамалы қараңғыланған көз шалымында (диафрагманы тарылтады) зерттеледі. Бұл блялмаған формалардың
көрінісін айқындата түседі.
«Қысылған» тамшыны кәдімгі зат шынысының бетінде дайындайды. Бұл үшін оның микробтардың
бір тамшысын тамызып, жамылғы шынысымен жабады. Дайын препарат жоғарыда аталғандай көз
шалымында тексеріледі. Микробтардың қозғалыс реакциялары (таксистері) химиялық заттармен
(хемотаксис), молекулалық оттегімен (аэротаксис), жарықпен (фототаксис), электр тоғымен (электротаксис),
сумен (гидротаксис) және т.б. бір жақты тітіркендіру әсерінен пайда болады. Оң таксисте қоғалыс
тітіркендіргіштерге бағытталады (жақындайды), теріс таксисте керісінше бағытта байқалады.
Микробтардың жылжымалылығын зерттегенде нағыз қозғалысты микробтар бір орында тұрып,
қоршаған ортаның молекулаларының әсерінен тербеліп тұрады немесе сұйықтықтың ағысы бойынша
жылжиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет