Тырысқақ қоздырғышы.Тұқымдастығы: Vibrionaceae.Туыстастығы:Vibrio.Түрі: Vibrio cholerae .Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері.Тырысқақ вибрионы полиморфты – ұсақтау, грам теріс, иілген немесе тік таяқша, спора түзбейді, капсуласы жоқ, монотрих, өте қозғалғыш.
Иммунитеті тұрақсыз және ұзаққа созылмайды, антимикробты және антитоксикалық сипатты болып келеді, агглютинин, вибриолизин, антитоксин және басқа антиденелермен байланысты.
Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелінетін материал: құсық, нәжіс, тағамдар, су, өт, секциялық материал. Тасымалдау ортасы ретінде 1% пептонды су, рН 8,2-8,4 қолданады. Алғашқы болжам ретінде бактериоскопиялық әдісті қолдануға болады. Негізінде бактериологиялық әдіс қолданылады, ол қоздырғышты, антибиотиктерге сезімталдығын анықтау. Тырысқақ кезінде экспресс-диагноз қою иммундыфлюоресценция, иммундыферментті талдау, полимеразды тізбекті реакциялар, вибриондарды иммобилизациялау реакциясы көмегімен жүргізіледі.
Тығыз қоректі ортада вибрион домалақ түссіз, шеттері бір келкі S-колониялар түзеді. Колониялар майлы, ортадан тез алынады. Тұрып қалған дақылда колониялар үлкейеді, түсі қоңыр сарыға ауысады. Шабылған қоректік ортада (бір колониялардың өсіндісін алуға арналған) вибрион жылтыр сарғыш түсте. Тиосульфат цитрат, өт қышқылдары және сахароза қосылған ортада (ТСВS-агар) Vіbrіo cholerae сахарозаны ыдыратады және сарғыш колониялар түзеді. Сүйық қоректі ортаны лайландырады, бетінде нәзік аспан көк қабықша пайда болады. Пробирканы шайқағанда қабықша тез бұзылып, түбіне түседі. 1% пептонды суда өте жылдам өседі, нәзік көгілдір қабықша пайда болады, су лайланады.
Таза дақылда; 2- нәжіс,зәрден жағынды.
Материалды жинау тәсілідері
Зәр,нәжіс (соңғы бөлігін)
Құсық
10-25 мл метал, ағаш немесе картоннан жасалған қасыкпен жинайды және тығынмен тығыз жабылатын әйнек банкаға алмастырады. Материалды енгізбес бұрын банканы этикеткісі жабыстырылады.Материалды бір бөлігі тік ішекке енгізілген екінші бөлігі зарарсыздандырылған банкаға жіберілген резиналы катетермен жинауға болады.Материалды диаметрі 2-3 мм, ұзындығы 45-50см алюминді ілмекпен жинауға болады. Екіге бүктелген ілмекті зарарсыздандырылған натрий хлоридінің изотониялық ертіндісі салып және тік ішекке енгіземіз. Ілмекті ыстық сумен өңдейміз.10-15г метал қасықпен жинап ауызы кең банкаға саламыз.
1 кезең. Материалдың 0,5-1 мл мөлшерін 50 - 100 мл 1% пептонды суға, сілтілі агарға және бір элективті-дифференциальды орталарға себеді. Себілген пептонды суды 370С температурада 6 - 8 сағат, сілтілі агарды 14 - 16 сағат, 18-20 сағат инкубациялайды.
Тырысқақ ауруына күмәнданған жағдайда науқастың нативті материалымен экспресс және жедел әдістерін қолданылады: антиденелерді флюоресценттеу әдісі, полимеразды тіркеу әдісі, вибриондарды иммобилизациялау реакциясы, жанама гемагглютинациялық реакциясы.
2 кезең – 6 - 8 сағаттан кейін. Жинаушы орта - сілтілі агарға себеді және 5-8 мл екінші жинаушы ортаға себеді.
3 кезең – 12 - 14 сағаттан кейін. Екінші жинаушы ортадан сілтілі агарға себеді. Сілтілі агардағы күмәнді колонияларды зерттейді.
4 кезең – 18 - 24 сағаттан кейін. Тығыз ортадағы тырысқаққа күмәнді колонияларды зерттеп, 1-ші және 2-ші жинаушы орталарға қайта себеді.Күмәнді колонияларды слайд-агглютинация реакция көмегімен тексереді (1:100 сұйытылған тырысқаққа О1 сары суымен).
5 кезең – 24 - 36 сағат. Идентификациялау үшін дақылдарды таңдау.
6 кезең – 36 - 48 сағаттан кейін. Идентификация нәтижелерін қорытындылайды және алынған тырысқақ вибрионының серотобы мен биоварианты туралы ақырғы нәтижесін береді. Кампилобактериялар (Сampylobacter туыстастығы) Кампилобактериоз - Сampylobacter туыстастығына жататын бактериялар тудыратын зоонозды жұқпалы ауру, көбінесе ас қорыту жолдары зақымдалыумен ерекшелінеді.
Сampylobacter - грек сөзінен аударғанда campylos – қисық, иілген деген мағынаны білдіреді.