Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар


Зәр(зерттеу ауруға шалдыққан 1 күннен бастап жүргізіледі)



бет32/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
Байланысты:
МИКРО ПРАктика 36 сағ 2022 ж

Зәр(зерттеу ауруға шалдыққан 1 күннен бастап жүргізіледі) Зәрді зарарсыздандырылған катетермен алған жөн.Ондай мүмкіңдік болмаса,онда зәрді келесі тәсілмен аламыз: зәр алмас бұрын сыртқы жыныс ағзаларын изотониялық натрий хлорид ертіндісімен жуып-тазалайды. Зәрдің 1-ші бөлігің төгіп тастайды.20-50 мл зәрді зарарсыздандырылған құтыға жинап,тұндырады. Тұнбаны дифференциалды қоректік орталардың біреуіне егедіде термостатқа орналастырады. Келесі күні қоздырғышқа күмәнденгенде таза қоректік ортаға ауыстырады.

Розеоллалар құрамы. Розеола бөрплері бар тері қабатын спиртпен сүртеді,изотониялық натрий хлорид ерітіндісімен өндеп,зарарсыздандырылған скальпельмен розеола бетін скарификациялайды. Скарификацияланған тері бетіне 10-20% розеола құрамымен араласқан өт сорпасынан тамызады Пипеткамен бірнеше тамшы сорып алады.Пипетканың ұшын спирт шалымына күйдіріп зертханаға жібереді.

«Қантышқақ, тырысқақ вибрионы. Кампилобактериялар. Геликобактериялар.»


Дизентерия қоздырғыштары.Тұқымдастығы: Enterobacteriаceae.Туыстастығы: Shigella
Түрі: S.dysenteriae (А серотобы); S.flexneri (В); S.boidii (С); S.sonnei (D).
Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. Шигеллалар - грам теріс, шеттері жұмырланған таяқшалар, спора түзбейді, талшықтары жоқ, қозғалмайды. Көптеген штамдарда түктер мен жыныстық кірпікшелер анықталады. Кейбір шигеллалар
Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін материал нәжіс, ірің, ас тағамдары т.б.Диагноз қою жеделдетілген, бактериологиялық, серологиялық әдістер бойынша жүргізіледі, негізі бактериологиялық әдіс болып табылады. Бұл әдіс қоздырғышты идентификациялайды, оның антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды және түрішілік идентификациясын (биохимиялық, серологиялық немесе колициногендік варианттарын анықтау) жүргізуге мүмкіншілік береді.
Бірінші күні. Зерттеу материалын құрамында лактозасы бар дифференциалды-диагностикалық қоректік орталарға (Эндо, Плосирев, Левин) себеді. Тасымалдаушыларды анықтау үшін нәжісті міндетті түрде селенит сорпасына себеді, содан кейін өскен дақылды тығыз дифференциалды-диагностикалық орталарға себу арқылы анықтайды. Термостатта 37° С температурада 18 – 20 сағат инкубациялайды.
Екінші күні. Өскен түссіз, нәзік колонияларды іріктеп алып, жартылай сұйық ортаға себеді.
Байыту ортасынан материал алып Плоскирев ортасына себеді. Себінділердің барлығы 37° С температурада 18 – 20 сағат инкубацияланады.
Үшінші күні.Өскен колонияларды қарап, күмәнділерін жоғарыда айтылып кеткен орталарға қайта себеді, «шұбар қатардағы» ферменттік қасиеттерін сипаттайды.
Толық нәтиже алу үшін дақылды лизин қосылған ортаға. Ацетатты агарға, маннитті, ксилозалы, рамнозалы, мальтозалы Гисс ортасына, сонымен бірге дақылды серологиялық типтеу үшін қиғаш агарға себеді. Себінділердің барлығы 37° С температурада 18 – 20 сағат инкубацияланады.
Төртінші күні.Себінділердің нәтижелері сипатталады. Бөлінген дақылдарды биохимиялық ерекшеліктері бойынша идентификациялайды. Биохимиялық қасиеттері шигеллаларға сәйкес дақылдарды әйнекше бетінде агглютинациялайды (Флекснер мен Зонне шигелласына поливалентті сарысумен), нәтижесі теріс болған жағдайда басқа шигеллалардың түрлеріне арналған поливалентті сарысулардың топтамасымен қойылған реакция нәтижесі тіркеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет