Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар


Тақырып № 7 «Ауа- тамшылы жұқпа қоздырғыштары.»



бет35/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46
Байланысты:
МИКРО ПРАктика 36 сағ 2022 ж

Тақырып № 7 «Ауа- тамшылы жұқпа қоздырғыштары.»

Дифтерия қоздырғышы. Күл (diphtheria)- токсигендік коринебактериялар қоздыратын және енген жерінде фиброзды қабынумен, жалпы токсикалық құбылыстар жүрек қан тамырм\лар жүйесінің зақымдануымен жүретін жедел инфекциялық ауру. Микробиологиялық диагностикасы. Дифтерияның бактериологиялық диагностикасы үшін процестің орнықан жеріне байланысты жұтқыншақ,мұрын,көз, тері, құлақ және сыртқы жыныс ағзаларынан материал алады. Зерттеу материалы күдік қабыну ошағынан қабыршақ және кілегей алынады. Материалды стерильді мақталы тампонмен алады. Оны Пергол байыту ортасына немесе жартылай сұйық ортаға салады.кілегей қабақтың қабыну ошағындағы қабыршақ пинцетпен ғана алынады, қабыршақтың астынан шыпшып қан түйіршіктері пайда болады.Алдын ала диагноз қою үшін бактериоскопиялық әдісті қолдану мүмкін. Бактериоскопиялық әдістің бағдарламалы маңызы бар: бірінші жағынды метилен көгімен немесе сірке –қышқылды толуидин көгімен, ал екіншісін Грам әдісімен бояйды. Волюти дәндері метилен көгімен метахромазиялық қасиеті бойынша күңгірт-қызылға боялады. Негізгі әдіс- бактериологиялық қанды агарға,цистиназа өнімін анықтау үшін тығыз сары сулы ортаға, Гисс ортасына, қоздырғыштың токсигенділігін анықтау үшін қоректік орталарға егеді. Күл таяқшасының улылығын теңіз шошқасының тері астына немесе тері ішіне жұқтырып көруге болады. Улы дақылдар жануарларды 3-5 тәулікте өлтіреді Көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғыштары. Көкжөтел- булықпалы жөтелмен сипатталатын, жас балалардың жедел инфекциялық ауруы. Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу материалына- жұтқыншақ,мұрынан кілегей қабатын. Жөтел кезінде науқастың ауызына қоректік ортасы бар Претри табақшасына 8-10см арақашықта ұстап бірнеше рет жөтелдіреміз. Сосын табақшасын жауып, термостатқа саламыз. Бірақ бұл әдісті қаріргі кезде аз қолданады, себебі материалды жөтелу барысында ғана ала аламыз.Зерттеу материалын алу үшін иілген тампон қажет, біреуі құрғақ екіншісін қоректік ортасы бар Претри табақшасына саламыз. Материалды алмас бұрын бірінші пробиркадан шығарамыз. 120˚С ка майыстырады. Науқасқа ауызын ашуды өтініп, стерилді шпателмен тілді басып, жұтқыншақтың соңғы қабырғасына жеткенше тампонды ауыз қуысына енгіземіз. Осы уақытта науқаста шырыш бөлінумен жүретін жөтелу рефлексі пайда болады. Содан кейін тампонды жайлап шығарып қоректік ортасы бар Петри табақшасына егу жүргіземіз.Екінші күні- материалды термостаттан шығарып бинокулярлы микроскоппен қараймыз. Күдікті колонияларды бөліп алып оларды қоректік ортасы бар Петри табақшасына егіп оны термостатқа саламыз. Егер колониялар көп өсіп шықса олардан жағынды дайындап микроскоппен қараймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет