Анаэробты жарақат жұқпа қоздырғыштары.Газды гангрена. Микробиологиялық диагноз қою. Газды гангренаға диагноз қоюдың принципі: қоздырғышты (токсинді) табу; негізгі әдістері: бактериологиялық және биологиялық сынама. Қоздырғыштар бөліп шығаратын токсин түрін анықтауға мүмкіндік беретін реакция - антитоксикалық сарысумен бейтарапталған токсинді тышқандарға енгізу реакциясы. Зерттеу материалдары: зақымдалған тіндердің бөлшектері, жараның бөліндісі, қан; оларды микроскопиялық әдіспен зерттейді; бактериологиялық әдіспен зерттеуді анаэробты жағдайда жүргізеді; токсинді БР көмегімен диагностикалық антитоксиндік сарысу арқылы тышқандарда идентификациялайды. Экспресс-талдау1,5-2 сағаттан кейін негізгі қоздырғышты болжамдық түрде жобалауға мүмкіндік береді. Экспресс-талдау жарықтық микроскопта зерттеу мен ИФР-ден тұрады. Науқастың төсегінің жанында алынған жағындыларды Грам және Гинс бойынша бояйды (капсуласын анықтау үшін), тірі препараттардан «ілінген тамшы» жасап қоздырғыштың қозғалғыштығын анықтайды, жасалынған іс-әрекеттер микроб морфологиясын анықтауды тездетеді. Жеделдетілген талдау –жасалу мерзімі бойынша 18-24 сағаттан аспауы керек, экспресс талдаумен қатар жүргізіледі, ол - қысқа мерзімде байыту және селективті орталарда зерттеу затын дақылдандырып, ары қарай қоздырғыш токсинін анықтау арқылы жүргізіледі.Бактериологиялық әдіс. Таза дақылдарын бөліп алу мақсатында осы орталарда өсіп шыққан колонпиялардан тығыз орталарға қайта себу жасайды: қантты-қанды агар, Вильсон-Блэр, Вильсон-Хоббс және биік бағаналы агарларға себеді. Дақылдың идентификациясын ары қарай клостридиялардың биохимиялық және токсигендік сипаттамаларын анықтау арқылы жүргізеді. Қоздырғыштың түрін ажыратып, идентифифкациялау үшін 72 сағат кетеді.
Газды гангренаға диагноз қоюдың критерилері.Әрбір жағдайда оң жауапты клиникалық және зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып береді. Алғашқы жауап – экпресс-талдау нәтижелеріне сүйене отырып беріледі: 1,5-2 сағат ішінде микроскопта зерттеу және иммундыфлуоресценттік талдау жасау; бұл науқасты емдеу әдістерін коррекциялауға мүмкіндік береді. Соңғы оң жауап - алғашқы жауап пен келесі алынған нәтижелердің бірінің негізінде беріледі:науқас немесе мәйіттен алынған заттардан және байыту орталарында өсірілген себінділерлден газды гангрена токсинін немесе қоздырғышын тапқан жағдайда (6-18 сағ.);науқас қанынан немесе мәйіттен алынған қан, жүрек, көкбауыр себінділерінен газды гангрена қоздырғышын анықтағанда (24 сағ.);биохимиялық және токсигендік қасиеттеріне байланысты қоздырғыштың түрін анықтағанда (48-72 сағ.).