Бекіндірілген жағынды-препараттарды дайындау. Майсыздандырылған бұйым шынысына бактерияның суспензиясын (жүзгінін) ендіреміз. Егер, жағындыны сұйық қоректік ортадан алса, онда материалды бұйым шынысына тікелей тамызғышпен ендіріп, жұқа жағынды алардай етіп жаяды. Басқа жағдайларда бұйым шынысына алдымен судың немесе натрий хлоридінің изотоникалы ерітіндісінің тамшысын тамызып, оған зерттелетін материалды араластырамыз. Материалды дұрыс жайған жағдайда микроскопияда жағындыдан жекеленген жасушалар байқалады. Жағындыны ауада немесе жылытылған ауа ағымында кептіреді. Және де тамшы ысып кетпейтіндей қашықтықта от жалынында да кептіруге болады.
Препаратты бекінту. Кептірілген жағындыларды термиялық немесе химиялық өңдеуден өткізеді. Нәтижесінде бактерия өледі де шыны беткейіне тығыз жабысады. Әдетте, жағындыны бекінту үшін бұйым шынысын от жалыны үстінен бірнеше рет өткізеді.
Қан жағындыларын, мүшелердің ізтаңба-жағындыларын 5-20 минут метил немесе этил спиттеріне, болмаса басқа да бекінтушы ерітінділерге мала отырып бекінтеді
Препараттарды қарапайым әдістермен бояу. Бекіндірілген жағындыны қандайда-бір бір ғана бояғышпен бояп, (мысалы сулы фуксинмен немесе метилен көгімен), кептіреді де, микроскоптайды.
Граммен бояу кезеңдері мен механизмдері.
Грам әдісімен бояу тәсілі 1.Бекіндірілген жағындыға сүзгіш қағаз парақшасы арқылы генциан күлгінінің карболды-спирттік ерітіндісін ендіреміз. 1-2 минуттан соң қағазды аламыз да шыныдағы бояуды төгіп тастаймыз.
2. Люголь ерітіндісін 1-2 минут ендіреміз.
3.30-60 секунд аралығында бояғыштың күлгін тамшылары ағып біткенше, этил спиртімен түссіздендіреміз.
4. Сумен шаямыз.
5.1-2 минут аралығында фуксиннің сулы ерітіндісімен толықтыра бояймыз да, кептіріп, микроскоптаймыз.
Грам әдісімен бояуда жіберілетін негізгі қателік, жағындыны этил спиртімен шамадан тыс түссіздендіріп қою. Грамоң бактериялар мұндайда өзерінің бастапқы генциан күлгін бояуын жоғалтып алып, келесі бояуды (фуксинді) қабылдағандықтан қызыл түске ие (грамтеріс бактерияларға тән) болуы мүмкін. Ал, спирттпен шамасына жеткізбей түссіздендіргенде грамтеріс бактериялар генциан күлгін түсін сақтап қалуы да мүмкін. Дұрыс бояу үшін түссіздендіру техникасын қатаң сақтау керек.