Негізгі элементтері: ядролық аппарат, цитоплазма, цитоплазмалық мембрана, жасуша қабырғасы.
Қосалқы элементтері: капсула, спора, беткейлік шаш тәрізді өсінділері – талшықтар, F-пили, фимбрия.
Микроорганизмдерді жіктеудің негізгі принциптері.
Жіктелу принципін зерттейтін жүйелілік бөлімі таксономия (грекше taxis – орналасу, тәртіп) деп аталады. Таксон – сол немесе басқа таксономиялық категорияның ішінде белгілі біртекті қасиеттері бойынша біріктірілетін организмдер топтары.
Ең үлкен таксономиялық категория патшалық, одан кішілері – патшалық асты, бөлім, класс, рет, тұқымдас, туыс, түр, түр асты деп аталады. Микроорганизмдердің атының түзілуі Халықаралық номенклатура кодексімен белгіленеді (зоологиялық, биологиялық, бактериялар, вирустар номенклатурасы).
Микроорганизмдердің таксономия негізі олардың морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, молекулярлы-биологиялық қасиеттері жатады
Негізгі таксономиялық категориялардың бірі түр (species) болып табылады. Түр дегеніміз – ұқсас қасиеттерімен бірігетін, бірақ басқа туыс өкілдерінен ажыратылатын даралар жиынтығы. Таза дақыл дегеніміз – ұқсас морфологиялық, тинкториальды, (бояуға қатысы), дақылдық, биохимиялық және антигендік қасиеттерімен сипатталатын, қоректік ортада бөлінген біртекті микроорганизмдердің жиынтығы.
Штамм дегеніміз – белгілі материалдан бөлінген және түрдің басқа өкілдерінен ерекшеленетін микроорганизмдердің таза дақылы. Штамм түр немесе түр астына қарағанда кішірек түсінік. Штамға клон түсінігі жақын; клон – бір микробты жасушаның ұрпағы.
Жағынды дайындау техникасы. Бояу техникасы (қарапайым бояу әдісі).
Препарат дайындау үшін зерттелетін материалды шыны түтікшелерден, колбалардан, Петри табақшаларынан бактериологиялық құрықпен немесе стерильді тамызғышпен алады. Кейбір жағдайда арнайы инелер қолданылады. Құрықты бөгде бактерияларды жою үшін оттық жалынында қақтайды. Шыны түтікшенің тығынын V-IV саусақтар мен алақан арасына қысып, бұрап шығарады да түтікше жиегін аздап қыздырады. Құрықты абайлап түтікше ішіне ендіреді де оны шынының ішкі бетіне сүйкеп суытады. Онан соң жеңіл сырғымалы қозғалыспен материалды құрыққа жұқтырып алады да оны түтікшеден шығарып, қайтадан түтікше жиегін қыздырып, тығынды жабады. Препарат дайындап болған соң құрықты міндетті түрде от жалынында қақтайды (стерильдейді). Шыны түтікшедегі немесе колбадағы сұйық материалды тамызғышпен де алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |