Облигатты аэробтар тек оттегінің болуында ғана өседі.
Облигатты анаэробтар (ботулизм, газды гангрена, сіреспе клостридиялары, бактероидтар т.б.) тек қана оттексіз ортада өседі, себебі оттегі у болып келеді.
Факультативті анаэробтароттегінің бар және жоқ жағдайында да өсуі мүмкін, себебі молекулярлы оттегі бар жағдайда тыныс алу процестері, жоқ жағдайда ашу процестері жүреді.
Бактериялардың өсуі және көбеюі.
Бактериялардың тіршілігі өсумен сипатталады – жасушаның құрылымды-функциональды компоненттерінің түзілуі және бактериалды жасушаның өзінің ұлғаюы. Көбею – бұл өзін өзі құрастыру, популяциядағы бактериалды жасушаның санының артуына алып келеді.
Бактериялардың тығыз қоректік ортада көбеюі
Тығыз қоректік ортада өсетін бактериялар шеттері тегіс немесе тегіс емес, дөңгелек пішінді жекелеген колониялар (S-және R формалар) түзеді, бактериялардың пигменттеріне байланысты түсі мен консистенциясы әртүрлі болып келеді.
Суда еритін пигменттер қоректік ортаға өтіп оны бояйды, мысалы көкіріңді таяқша (Pseudomonas aeruginosa) қоректік ортаны көк түске бояйды.
Колониялардың тығыз қоректік ортадағы түрі, пішіні, түсі және басқа ерекшеліктері бактериялардың идентификациясында, сондай-ақ таза дақыл алу үшін колонияларды таңдау кезінде есепке алынады.
Бактерияларды сұйық қоректік орталарда өсірген кезде дақылдың түптік, диффузды немесе беткейлі өсуі анықталады. Бактериялардың кезеңді дақылының сұйық қоректік ортада өсуі бірнеше кезеңге бөлінеді:
1)лаг-фазасы;
2)логарифмді өсу фазасы;
3)стационарлық өсу фазасы, немесе бактериялардың максимальды концентрациясы;
4)бактериялардың жойылу фазасы