2-3 апта
5.Жүректің өткізгіш жүйесінің Пейсмекер жасушалары бай://кальцийдің бос иондарына
6.Қан капиллярының эндотелиінің цитоплазмасында ең көбі:// Пиноцитоз көпіршіктері
7.Фенестрлі типті капиллярлар кездеседі:эндокриндік мүшелерде, аш ішектің шырышты қабықшасының меншікті табақшасында, қоңыр май тінінде,бүйрек
бүйрек,ішек
8.Адам жүрегінің итрамуральды нерв аппаратының дамуы басталады:// Ұрық дамуының 7-ші аптасында
9.Жүректің өткізгіштік жүйесінің барлық бөлімдерінің түзілуі аяқталады:// Дамудың 4-ші айында
10.Тамырдың микросуретінде оның ішкі қабатында эндотелиоциттер, ортаңғысында базалды мембрананың қатпарында — перициттер, ал сыртқы қабатында адвентициалды жасушалар көрінеді. Келесі тамыр берілген сипаттамаға сәйкес келеді:// Капилляр/кылтамыр
11.Жүрек қабырғасының препаратында эндокард пен миокард аралығында ашық түсті цитоплазмасы мен шеткері ығысқан ядросы бар үлкен жасушалар көрінеді. Осы жасушаларды аңықтаңыз:// Пуркинье жасушалары
12.Жүрек қабырғасының гистологиялық препаратында, эндокардта бірнеше қабаттарды ажыратады. Эндокард қабаттарының орналасу реттілігін көрсетіңіз.//
эндотелий, эндотелийасты,ет-эластикалық,сыртқы дәнекер тінді
13.Гистологиялық препаратта қан тамыр көрсетілген. Ішкі қабаты эндотелий, эндотелий асты қабатынан және ішкі эластикалық мембранадан тұрады. Ораңғы қабықшасы жазық миоциттерге бай. Бұл морфологиялық ерекшеліктері бойынша қандай қан тамырыға сай келеді?// Бұлшық етті артерия (ет типті артерия)
14.Биопсиялық материалды гистологиялық препаратта морфологиялық зерттеу кезінде бұрыс пішінді, ортаңғы қабығы тегіс ет жасушаларының шоғырынан және дәнекер тіннің қабықшасынан түзілген тамыр анықталды. Бұл қандай тамыр?// Ет типті вена немесе бұлшықетті
15.Жүйке-тамырлар шоғыры препаратында тамырлардың бірінде ішкі және сыртқы эластикалық мембраналар анық көрініп, ортаңғы қабықшасында айналмалы бағытта орналасқан жазық бұлшықет жасушаларының шоғыры жақсы дамығаны байқалды. Келесі тамыр берілген сипаттамаға сәйкес келеді:// Бұлшық етті артериялар
16.Миокард инфарктына ұшыраған науқаста брадикардия дамыған – жүректің жиырылу жиілігі минутына 40-қа дейін төмендеген. Жүрек жиырылу ырғағына жауап беретін жасушалар:// 2 типті өткізгіш кардиомиоциттер
17.Кардиомиоциттер типтерін анықтаңыз: тік бұрышты жасуша, 1-2 ядролары, көптеген миофибриллалары мен митохондриялары бар, Т- және L-жүйесі жақсы дамыған://Қарыншалардың жиырылғыш кардиомиоциттері
18.Қантамырлар қабырғасы мен жүрек қабырғасының бірнеше қабықтарын ажыратады. Жүректің қандай қабығы гистогенез және тіндік құрамы бойынша тамырлар қабырғасына ұқсас екенін көрсетіңіз.// Эндокард
19.Лимфатикалық капиллярлардың қабырғасының құрлымының ерекшелігі://Базальды мембрана мен перициттер жоқ
20.Лимфа тамырының қақпағын құрауға қатысатын қабық:// Ішкі
21.Тіндік сұйықтықтың ағып кетуін қамтамасыз ететін тамырлар:// Лимфа капиллярлары
22.Пуркинье талшықтарының жасушалары қандай қосындыларға бай?//гликоген
23.Тері биоптаты зерттелді. Дерма қабатында қантамырлары анықталды. Сол қантамырлардың ортаңғы қабығы тегіс ет жасушаларының қалың қабатынан тұрады.Бұл қантамырлар қалай аталады?// Бұлшықетті артериялар
24.Артерия қабығының гистологиялық препараты берілген. Оның құрамында эндотелий, эндотелий асты қабаты және эластикалық талшықтар айқындалады. Артерия түрін және оның қабығын анықтаңыз:// эластикалық типті артерия,ішкі қабық
25.Қан тамырының қабырғасы 3 қабаттан тұрады: базальды мембранада орналасқан эндотелий, перицитер жасушаларының қабаты, адвентициялық жасушалар қабаты. Қан тамырының түрін анықтаңыз:// қылтамыр/капиляр
26.Қантамыры препараты берілген. Тамырдың ортаңғы қабығы бір – бірімен эластикалық талшықтармен байланысқан көп мөлшердегі эластикалық терезелі мембраналардан тұрады. Мембраналар арасында тегіс ет жасушалары орналасқан. Бұл сипаттамаға сай келеді:// Қолқа /эластикалық типті артерия (аорта)
27.Жүрек қабырғасының гистологиялық препаратында, эндокардта бірнеше қабаттарды ажыратады. Эндокард қабаттарының орналасу реттілігін көрсетіңіз.//Эндотелий, эндотелий асты, ет-эластикалық, сыртқы дәнекер тінді.
28.Қарт науқастың тамырын тексеру барысында артерия қабырғасында холестериннің жиналып қалғанын анықтады. Артерияның қай қабырғасында холестериннің жиналуы жүреді?//Эндотелий асты
29.Қан тамырларының екі түрлі препараты берілген. Бірінші препараттағы тамырдың ортаңғы қабығында көптеген терезелі эластикалық мембраналар бар. Екіншісінде – ішкі және сыртқы эластикалық мембраналары айқын байқалады. Бірінші препаратта қай тамыр берілгендігін анықтаңыз?// Қолқа/ Эластикалық типті артерия
30.Гематоксилин және эозинмен боялған жүрек қабырғасының гистологиялық препаратын зерттеу барысында, жұмыскер кардиомиоциттердің қасында ядросы ортасында орналасқан, дөңгелектеу пішінді, ірі көлемді жасушалар шоғыры көрінеді. Берілген сипаттамаға келесі жасушалар сәйкес келеді:// Пуркинье (д)
31.Қатты салқындаған кезде тері бозарады. Бұл құбылыс тамырлар жүйесінің келесі гистофункционалдық ерекшеліктерімен байланысты://Микроциркулярлы арна тамырларындағы қан ағымының азаюына әкелетін артериола қысқаруы,эндотелиймен гипокапиллярлардың перициттердің ісінуі
32.Қант диабетімен ауыратын жүкті әйелдің құрсағындағы нәрестесін ультрадыбыстық зерттеу кезінде миокардтың дамуының аномалиясы анықталды. Ол келесі эмбрионалдық даму көзінің зақымдалуымен байланысты болуы мүмкін:// Миоэпикардиальді пластинка
33.Вена қақпақшалары ол:// ішкі қабығының қатпарлары
34.Аралас типті артерияның ортаңғы қабырғасы тұрады:// жазық бұлшықет жасушаларынан,эластикалық талшықтар,ойықты эластикалық мембранадан//
35. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің құрамына кіреді://жүрек, қантамыр және лимфа
36. Миокард және эпикардтың даму көзі:// спланхнтомның висцеральды жапырақшасының миоэпикардиальды пластинкасы (д)
37.Эндокардтың даму көзі:// мезенхима (д)
38.Перикардтың перикард қуысына қараған беті жабылған://Мезотелиймен (д)
39.Жиырылғыш кардиомиоциттер қүрамына кіреді://Миокардтың (д)
40.Эндокард қабаттары://эндотелий, эндотелий асты, ет-эластикалық, дәнекерткані (д)
41. Эпикард құралған://перикардтың висцеральды жапырақшасынан (д)
42. Артериялардың жіктелісі негізделген:// Ортаңғы қабықтың (д)
43. Эластикалық типті артерияларға жатады:// қолқа, өкпе артериясы (Д)
44.Аралас типті артерияларға жатады:// Ұйқы және бұғана асты артериясы (д)
45.Эластикалық типті артериялардың қызметі://Тасымалдау қызметі
46. Ет типті артерияларға жатады:// ішкі ағзалар және аяқ-қол артериясы (д)
47. Қолқаның сыртқы қабығының құрамы:// Болбыр дәнекер ткані (д)
48.Аралас типті артерияның ішкі қабырғасы тұрады:// эндотелий, эндотелий асты, эластикалық мембрана (д)
49. Қан тамырларының даму көзі:// мезенхима
50.Жүректің негізі құралады:// дамудың 3 аптасының басында ұзндығы 1,5 мм эмбрионда, / мезенхима клеткаларының жұп түрінде жинақталуынан//
51.Перициттердің қызметі:// капиллярдың қуысын өзгерісін реттейді
52.Миокардтың негізін түзетін қайсысы:// кардиомиоциттер (д)жиырылгыш
53.Микроциркуляторлы арна тамырларының қызметі:// мүшелерге келетін қан қанның мөлшерін, трансқылтамырлық алмасуды реттеу, дренаждық-жинақтаушы қызмет
Достарыңызбен бөлісу: |