Микроконтроллердің жекеленген топтары 1. Бiр кристалды микроконтроллер, 78K0R/LG3-M Renesas Electronics компаниясы электр энергиясын есептейтін бiрфазалық статикалық электрондық есептеуiштерiнің қызметiн жобалауға мүмкiндiк беретiн 78K0R/LG3-M 16-дәрежелiк микроконтроллерлерді жасап шығарды. Құрамына 20 Мгц жиiлiкпен жұмыс істейтін және 128 Кбайттық флеш жадысы бар жоғары өнiмдi 16-биттiк ядроны біріктірген жаңа микроконтроллерлер есептеуiштiң барлық негiзгi функцияларын құрамына біріктірген.
4-сурет - Бір кристалды 78K0R/LG3-Mмикроконтроллер
Айырмашылық ерекшелiктері:
Бiр фазалық электр энергиясы есептеуiштерiнiң ұлғаймалы функционалдығын қолдауы. Үлкен көлемдi флеш жадының арқасында электр энергиясының бiр фазалық есептеуiштерiндегi әр түрлi функциялардың iске асу мүмкiндiгi.
Кiрiстiрiлген метрологиялық iшкi жүйе. Микроконтроллерлер құрамына төрт кiрiстiрiлген 24-биттiк аналогты-цифрлық түрлендiргiш (АЦТ) кіреді. Метрологиялық қозғағыш қосымша функцияларды орындау үшiн калибрлеу функциясын және қуат есептеуiшті іске қосады. Құрылымның активті қуатты өлшеуінің жоғарғы дәлдiктерге жетуіне мүмкіндік туады (қателік шамамен 0.1% құрайды).
Ультратөмен энергия тұтыну. Микроконтроллерлер жұмыс қабiлеттiлiгін қорек көзінің кернеуін 1.8-3.6 В аралығында сақтайды және электр энергиясынан ажыратылған жағдайда кішкене корек көзінің арқасында өте аз энергия тұтынып құрылғының нақты уақыт сағатында жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады.
2. 8-биттік микроконтроллерлер, XC82/XC83Smart XC82x және XC83x сериялары 24 Мгц жиiлiкте жұмыс iстейтiн 8-биттiк Infineon микроконтроллерлерiнің топтарына жатады. Қазіргі кезде бұл микроконтроллерлер 2-8 Кбайттық флэш жадымен шығарылады. Микроконтроллердің сыртқы көрінісі 4-суретте бейнеленген.
Микроконтроллерлердiң ең маңызды мiнездемелерiне коммуникациялық интерфейстер, генерациялы ендік импулсті модулятор сигналы және көп каналды 10 биттiк АЦТ, сонымен бірге төмен энергия тұтынудың қауіпсіз режимін жатқызуға болады. Микроконтроллердің стандартты 8 биттiк мәлiметтердi өңдеуiн көбейту/бөлу модулі арқылы математикалық сопроцессор жылдамдатады. Бұл микроконтроллерлердiң базасында қозғалтқыштардың басқару жүйелерi үшiн тиiмдi және интеллектуалды шешiмдердi құруға мүмкiндiк бередi.
5-сурет - Infineon микроконтроллерлерiнің сұлбасы
Ерекшелiктері:
Сенсорлық басқару (ТЕСҚ-ның кеңейтілген кiтапханасымен);
Көбейту/бөлу блогы (өнiмдiлiктi қосымша жоғарылату және басқару мүмкiндiктерiн кеңейту үшiн);
10 битті төрт каналдық АЦТ;
Векторлық сопроцессор (коллекторсыз қозғалтқышты векторлық басқару үшiн);
Жұмыстың өшу/қосылу тәртiптері.
Микроконтроллерлердiң XC82x/XC83x топтары сенсорлық басқару интерфейсінiң арқасында қозғалтқыштарды автоматтық басқару және автомобилдiк нарықтың жаңа құрылғылары ретінде қолданыла бастады. Олардың әрқайсысына жекелей тоқтала кетсек, XC82x/XC83x микроконтроллерлерінiң негізгі қолданылу аймақтары былай жіктеледі: