“Микроорганизмдердің қарым қатынасы” Орындаған: бт-1503 Тексерген: Сыдықбекова Р.Қ



бет1/2
Дата17.02.2023
өлшемі3,06 Mb.
#68872
  1   2

әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология және биотехнология факультеті
“Микроорганизмдердің қарым қатынасы”
Орындаған:БТ-1503
Тексерген:Сыдықбекова Р.Қ.
Жоспары:

•Микроорганизмдердің өзара қарым-қатынасы
•Микроорганизмдердің қарым қатынас түрлері:
Симбиоз
Метабиоз
Сателлизм
Синергизм
Антогонизм
Мутуализм
Паразитизм
Комменсализм
•Пайдаланылған әдебиеттер


•Микроорганизмдердің өзара қарым – қатынасы Биоценозда әр түрлі түрлер арасында белгілі бір қарым-катынастар қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі. Десе де, организмдер арасындағы кеңістік қарым-катынастар да негізгі рөл атқарады. Қоректік тізбектер өсімдік, құстар мен жануарлар арасында болды. Табиғатта ешқандай шекара жоқ,онда бәрі де бір – бірімен байланысты және өзара тәуелді болып келеді. Тіршілік иелері тұрақты экологиялық жүйеге – биоценоздарға біріктірілген. Олардың әрқайсысы үшін популяцияның түрлік және сандық қатынасы, құрылым, өзара қатынас және басқа да белгілер тән. Әртүрлі ценоздардың ішінде табиғатта микробоценоздар – микроорганизмдердің қауымдастығы үлкен орын алады. Олардың және басқа тірі организмдердің арасында алуан түрлі өзара қатынастар бар. Бұл қатынастар Симбиоз, метабиоз, сателлизм, синергизм, антогонизм, вирогения, мутуализм, паразитизм, комменсализм және басқа түрлерде байқалынады.
Симбиоз. Екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей, керісінше, селбесіп, пайдалы тіршілік етуі симбиоз деп аталады. Мысалға, тақуа шаян мен актиния арасындағы селбесуді, сондай-ақ балдыр мен саңырауқұлақтың селбесуі нәтижесінде қыналардың тіршілік етуін келтіруге болады. Симбиоз терминін 1879 ж. неміс ботанигі А.Де Бари (1831-1888) ұсынды. Симбиоз жануарлар мен өсімдіктер арасында жиі байқалады. Организмдер үшін бірігіп тіршілік ету жеке-жеке тіршілік етуге қарағанда анағұрлым пайдалы. Олардың қоршаған ортамен қарым – қатынасы және одан келетін пайдасы осы симбиоз арқылы қалыптасады.
Метабиоз Метабиоз-біреуі екіншісінің тіршілік өнімін пайдаланатын микроорганизмдердің өзара қатынасы. Метабиоз – микроағза түрлері арасындағы, олардың бір түрінің тіршілік өнімдері, екіншісінің қорек көзіне айналуымен сипатталатын, олардың өзара қатынастық қалыптары.Метабиозға нитрифицирлеуші бактериялар өздеріне қажетті аммиакты-аммонифицирлеуші топырақтық бактерияның тіршілік өнімін алатын симбиоз жатады. Метабиоз – микробтың бір түрі екіншісінің өмір сүруі барысында түзілетін өнімдерді пайдаланып, олардың өсуі үшін қолайлы жағдай тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет