Морфологиясы. Стафилококктар аэробты кокктарға жатады. Стафилококтардың барлық түрлері шар тәрiздi , дұрыс пішінді диаметрі 0,5-1,5 мкм жасушалар , грам он боялады , кеңiстiкте дұрыс емес бөлiнiп жүзім шоғырына ұксас шоктык түзеді. Спора түзбейдi , талшықтары жоқ . Кейбiр штамдары капсула тузедi . L - пішін түзуі мүмкін . Жасуша қабырғасында көптеген пептидогликандар кездеседi . Көптеген стафилококтар беткей орналасқан капсула түзеді .
Дақылдандыру . Стафилококтар карапайым ортада ( рН 7,0-7,5 ) өседі. Жогары осмостық элективті коректік орта - сарыуызды - тұзды агар немесе сүтті - тұзды агарда осе алады . Қысымга төзiмдi. Сарыуызды - тұзды агарда бұлыңғыр , айнала шетi тегiс , домалак пiшiндi артурлi пигменттелген ( сарғыш , сары , кызыл - сары тустi ) колониялар тузедi . Құрамында 8-10 % NaCI бар ортада жаксы оседi . Сұйык коректік ортаны стафилококтар біркелкі лайландырады , кейiн кілегейлi тұнба пайда болады .
Биохимиялық белсенділігі жоғары : көптеген штамдары глюкозасы бар ортада ацетонн түзеді ( Фогес - Проскауэр реакциясы оң ) , аммиак боледі , нитраттарды нитритке немесе азотка пейін қалыпқа келтіреді , ақуыздарды , гиппуратты , майларды және твиндерді гидролиздейді .
Стафилококтар оппортунисттік аурулар тудырады . Стафилококтар этиологиялык фактор ретінде келесi нозологиялық аурулар тудырады : тері және теріасты жасушаларының аурулары ( пиодермия , везикулопустулез , пемфигус , абсцесс , фурункул , карбункул , гидро адениттер ) ; тыныс алу мушелерінің аурулары ( баспа , плеврит , пневмония ) ; жүйке жүйесі және сезіну мүшелерінің аурулары ( менингит , отит , конъюнктивит ж.т.б. ) ; ауыз қуысы және аскорыту ағзаларының аурулары ( стоматит , перитонит , парапроктит , энтерит , энтероколит , астан улану ) ; сүйек - бұлшық ет жүйесі мен дәнекер тіннің аурулары ( артриттер , периоститтер , остеомиелиттер ж.т.б. ) ; қан айналымы жүйесiнiң аурулары ( эндокардит , перикардит , флебит ж.т.б. ) ; зәр шыгаружыныс мушелерiнiн аурулары ( пиелит , цистит , стрит , мастит , эндометрит , орхит ж.т.б. ) ; стафилококтык сепсис . Микробиологиялык диагноз кою . Жеделдетілген әдіс : -ИФА , КОАР , ПЦР Бактериологиялық әдіс : зерттеу материалы ретінде қан , ірің , қақырык , несеп , мұрын - жұтқыншақтың шырышты қабығынан жагынды , кусык массасы , нәжiс . Зерттелетін материалды тыгыз элективті орта сарыуызды - тұзды агарға себеді . Серологиялық әдіс тек созылмалы инфекцияларда қолданады , онда анти - альфа - токсин және рибитолтейхой қышқылына антиденелер титры анықталады .
Достарыңызбен бөлісу: |