Химиялық және конъюгацияланған вакциналар
• Химиялық вакциналар адъювантпен байланысқан микроп
клеткаларының антигендік комплектерінен тұрады. Адъювант арқылы
вакцина иммуногендігі оғарлайды және антигендік бөлшектер іріленеді.
Адьюванттарға алюминий гидроксиді, минералды және органикалық
майлар жатады
• Коньюгацияланған вакциналар. 1931 жылы карбогидрат пен бөтен
белоктан коньюгат құрастырылды. В типті Haemophilis influenzae –ның
капсулалы полисахаридін дифтерия немесе сіреспе анатоксинімен
коньюгат жасағанда жедел антиденелер түзілу мен IgM-нің IgG- ге
айналуы эксперементальды жануарларда байқалды, коньюгатты
вакциналар иммуногендігі жоғары болады.
Рекомбинантты ДНК технологиясы негізіндегі жаңа буынды вакциналар
Биотехнологияда адам және жануарлар жасушаларын пайдаланудың кезеңі 1949 жылдан басталады. Ол кезде американдық бір топ ғалымдар Эндерс, Уоллес және Робинс адам ұрығының, бұлшық ет және тері жасушаларының дақылдарында полиомиелит ауруының вирусын өсірген. Соңынан вирустарға көбірек адам ұрығының және ересек
маймылдың бүйрек жасушалары, тауық эмбрионының амниотикалық қабығы өзіне тез қабылдағыш болып келетіні анықталды. Тәжірибелік зерттеу жұмыстарының барысында әрдайым дақылда болатын, егілетін жасушалар желілері (линия) алынды. Мысалы, олардың қатарында жатыр мойнының карцинома жасушалары (НеІа), асыранды атжалмандардың (хомяктар) эмбриондарының бүйрек жасушалары
(ВНК-21), жасыл мешіндердің (зеленые мартышки) бүйрек
жасушаларын (Vero) айтуға болады. Олар әлемдегі көптеген
зертханаларда вирустарды бөліп алуда және таза вирустық дәрмектер өндіруде,вирустық инфекцияларды зерттеуде,
аурулардың профилактикалық алдын-алу мен емдеу шараларына арналғанвакцина
дайындау үшін пайдаланылады. Егілетін жасушалықдақылдарды
алғанға дейін вирустар біріншілік жасушалар дақылдарында өсіріледі.
Иммунды сарысулармен аурудың алдын алу, не емдеу ертеден белгілі. Беринг алғашқы рет күл ауруына қарсы антитоксикалық қансарысуын қолданған еді. Осы заманда антитоксикалық сарсулармен қатар антибактериалық, антивирустық сарысулар аурудың алдын алу және емдеу үшін қолданылып жүр.
Иммунды сарысуды алу үшін жануарды (жылқы, есек, кейде ор қоян) арнайы антигенмен (анатоксин, бактерия не вирус дақылы, не олардың антигені) гипреимунизациялау тәсілі қолданылады. Антидене түзілудің ең жоғары деңгейінде малдың қанын толығынан ағызып, одан сарысуды дайындайды. Жануарлардан алынған иммунды сарысуды гетерогендік деп атайды, өйткені онда адамға бөгде ақуыз бар.
Иммунды сарысудың белсенділігін антитоксикалық өлшеммен, вирусты бейтараптау титрімен, гемагглютинациялық, преципитациялық, агглютинациялық белсенділігімен есептейді. Титр дегеніміз антидененің антигенмен көрністі спецификалық байланысқа түсетін ең төменгі өлшемі. Мысалы, сіреспе антитоксикалық сарысу антитоксикалық бірлігімен ( АБ, АЕ), не халықаралық бірлігімен (МЕ) өлшенеді.
Иммунды сарысулар мен иммундыглобулиндерді арудың алдын алу және ауруды емдеу үшін колданады. Токсинемиялық ауруларды (сіреспе, ботулизм, күл, газды гагрена) сарысулық препараттармен емдеген өте нәтижелі. Сонымен қатар, кейбір бактериялық және вирустық ауруларды (қызылша, қызамық, оба, түйнеме т.б.) емдеуге болады. Емдеу үшін мүмкіншілікке қарай сарысуды ертерек және жоғарғы өлшемін бұлшық ет ішіне еңгізу қажет.
Аурудың алдын алу үшін қолданылатын иммунды сарысудың өлшемі төменірек. Әдете ол ауру адаммен қарым-қатнаста болған адамдарға енжарлы имунитет құру үшін колда-нылады. Иммунитет бірнеше сағат арасында пайда болып, гетерологиялық сарсудан 2-3 жұма, ал гомологиялықтан кейін 4-5 жұма сақталады.риофагтарды ауыз ќуысы арќылы не сырттай жараны µњдеуге агтарды суспензия т‰рінде де д
Иммунды сарысу алған адамда жанама асқыну көрнісі болуы мүмкін (анафилактикалық естен тану, сарысу ауруы). Сондықтан, сарысу қолданудың алдында адамның сезімталдығын тексеріп, содан кейін препаратты Безредка тәсілімен еңгізу керек.
Кейбір жағдайларда иммунды сарысумен қатарлас белсенді имунитет тудыру үшін вакцина егіледі. Мысалы, адам жараланғанда сіреспеге қарсы тұру үшін, не болмаса құтырудың алдын алу үшін сол тәсіл пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |