Микрорганизмдер физиологиясы. Прокариоттардың химиялық құрамы


ТАУЫҚ ЭМБРИОНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ВИРУСОЛОГИЯДА ҚОЛДАНУ



бет13/15
Дата18.02.2023
өлшемі1,3 Mb.
#69016
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Микроорганизмдер физиологиясы БО 31

ТАУЫҚ ЭМБРИОНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ВИРУСОЛОГИЯДА ҚОЛДАНУ
1931 жылы Вудрафф пен 3.Гудпасчер құс шешегінің вирусын тауық эмбриондарына өсіруге болатынын айтты. Ол үшін тауықтың ұрықтанған — жұмыртқасын қолданған жөн. Бұл әдісті бертін келе Беверидж бен Бернет (1946 ж) жетілдірді. Осы жылдары ашылған вирустардың бәрін өсіру үшін эмбрионның аллантоис, амнион, хорион клеткалары қолданылады.
Зерттелінетін вирустық материалмен егу үшін пайдаланылатын тауық эмбриондарына мынадай талаптар қойылады:
1. Эмбриондар инфекциялық аурулардан таза шаруашылықтан алынуы тиiс.
2. Жұмыртқа қабығы пигментсiз және таза (жууға болмайды) болуы тиіс.
3. Эмбрионның жасы тандап отырған егу әдісіне сәйкес болуы керек.


ЗЕРТТЕЛІНЕТІН ВИРУСТЫҚ МАТЕРИАЛМЕН ЕГУ ҮШІН ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ТАУЫҚ ЭМБРИОНДАРЫНА МЫНАДАЙ ТАЛАПТАР ҚОЙЫЛАДЫ:



  • инфекциялық аурулардан таза шаруашылықтан алынуы тиіс.

  • Жұмыртка қабығы пигментсіз және таза (жууға болмайды)

  • Эмбрионның жасы (күні) таңдап отырған егу әдісіне сәйкес болуы керек.



ТАУЫҚ ЭМБРИОНЫН ЗАҚЫМДАУҒА ДАЙЫНДАУ





АЛЛАНТОИС КУЫСЫНА ЕГУ
Бұл орында тұмау, Ньюкасл ауруының вирусы, жылқының ринопневмония, везикулярлы стоматит ж.т.б. вирустары жақсы өседі. Бұл әдіс бойынша егу үшін, эмбрионды жұмыр жағын жоғары қаратып штативке орналастырады. Ауа камерасының ортасынан жуан инемен (1 мм) тесік жасайды. Тесік арқылы вертикаль қалыпта инъекциялық инемен немесе Пастер түтікшесімен зерттеліп отырған материалдың жүзіндісін, 10-12 мм терендікте егеді. Материал енгізілген тесікті стерильді парафинмен бекітеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет