Вирустар- адам,жануар, құс, өсімдік және бактериялардың вирус ауруларын коздырушылар. Вирустар- тек жасушаның ғана ішінде тіршілік ететін тоғышарлар немесе ағзанаң ішінде ғана өсіп жетіледі. Вирустар жоғары сатыдағы азғалар сияқты жыныстык жолменде, бактериялар сиякты белiну жолымен көбеймейді. Сондықтан да көбею деген сөздің “репродукция” латынның re - қайталану, producere - өндіру, пайда болу деген сөздерінен шыққан деген термин колданылады.
Вирустар тек дисьюнктивті әдіспен көбейеді. Өздерінің белок және нуклеин қышқылының синтезі үшін клетканың құрылысын ,зат алмасуды пайдаланады. Сол себепті вирустар генетикалық паразиттер деп саналады. Осылай вирус кобею немесе репродукция әдісі, дисьюнктивті немесе белектенген әдіс деп саналады.
Репродукцияның негiзгi кезеңдері:
сезімтал клетканың бетіне вирус бөлщектері адсорбциялануы;
1. Сезiмтал клетка-нысананын бетiндегi рецепторлық құрылымына вирустың адсорбциясы.Микроорганизмнің әртүрлі тканьдерден Вирустық инфекция тропизмімен анықталады. Мысалы, тұмау вирусы-тек қана тыныс алу жолыныың, шырышты қабығының клеткаларына бекітіледі, құтыру вирусы-нерв клеткаларына, СПИД вирусы-лимфоциттерге бекітіледі. Тұмау вирусы гемагглютининнің рецепторлары арқылы тыны алу жолдарының жоғарғы бетіндегі эпителиальды клетканың бетіндегі комплементарлы рецепторлар аркылы байланысады. Егер де вирус клетка ішіне ене алмаса, нейраминидаза-вирус бетіндегі бекітуші белок-вирусты бұл клеткадан бөліп алып, басқа клеткаға өтуіне мүмкіндік жасайды.
2. Вирустық бөлшектердің клеткаға енуі энергияға тәуелді процесс және екi әдіспен іске асырылады: А) пиноцитоз арқылы клетка қабығынан өтуі.
Б) вирус кабығымен клеткалық мембрананың бірімен-бірі қосылу әдісімен енуі. Клетка мембранасына сәйкес, вирустардың шешінуі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, бактероифагтар өз қабығынан микробтық клетканың бетінде босатылады, шешек вирусы суперкапсидты клетка мембранасында қалдырып, капсидтен клетканын ішінде босатылады, полиомиелит вирусы клеткаға еніп ішінде өзінің жалғыз қабығынан-капсидтен босатылады.