ТАУЫҚ ЭМБРИОНЫЖӘНЕ ОНЫ ВИРУСОЛОГИЯДА ҚОЛДАНУ 1931 жылы Вудрафф пен 3.Гудпасчер құс шешегінің вирусын тауық эмбриондарына өсіруге болатынын айтты. Ол үшін тауықтың ұрықтанған — жұмыртқасын қолданған жөн. Бұл әдісті бертін келе Беверидж бен Бернет (1946 ж) жетілдірді. Осы жылдары ашылған вирустардың бәрін өсіру үшін эмбрионның аллантоис, амнион, хорион клеткалары қолданылады.
Зерттелінетін вирустық материалмен егу үшін пайдаланылатын тауық эмбриондарына мынадай талаптар қойылады:
1. Эмбриондар инфекциялық аурулардан таза шаруашылықтан алынуы тиiс.
2. Жұмыртқа қабығы пигментсiз және таза (жууға болмайды) болуы тиіс.
3. Эмбрионның жасы тандап отырған егу әдісіне сәйкес болуы керек.
ЗЕРТТЕЛІНЕТІН ВИРУСТЫҚ МАТЕРИАЛМЕН ЕГУ ҮШІН ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ТАУЫҚ ЭМБРИОНДАРЫНА МЫНАДАЙ ТАЛАПТАР ҚОЙЫЛАДЫ:
инфекциялық аурулардан таза шаруашылықтан алынуы тиіс.
Жұмыртка қабығы пигментсіз және таза (жууға болмайды)
Эмбрионның жасы (күні) таңдап отырған егу әдісіне сәйкес болуы керек.
эмбрион кабыгын йодты спиртпен тазалайды және спирт тампонмен жалындатып алады.
АЛЛАНТОИС КУЫСЫНА ЕГУ
Бұл орында тұмау, Ньюкасл ауруының вирусы, жылқының ринопневмония, везикулярлы стоматит ж.т.б. вирустары жақсы өседі. Бұл әдіс бойынша егу үшін, эмбрионды жұмыр жағын жоғары қаратып штативке орналастырады. Ауа камерасының ортасынан жуан инемен (1 мм) тесік жасайды. Тесік арқылы вертикаль қалыпта инъекциялық инемен немесе Пастер түтікшесімен зерттеліп отырған материалдың жүзіндісін, 10-12 мм терендікте егеді. Материал енгізілген тесікті стерильді парафинмен бекітеді.