Анаэробтардың таза дақылын бөліп алудың 3-ші жəне 4-ші күндері
ші кезең :а)Күмəнді колонияларды алу мақсатында қоректік орталарда ӛскен жекелеген колониялардың (дақылдық қасиетін) ӛсу сипатын зерттеу. Күмəнді колониялардан жұғын дайындау (Грам əдісі бойынша бояу) . б) Қалған колонияларды таза дақылды алу мақсатында сұйық қоректік орталарға егу. Анаэробты жағдайда термостатта инкубациялау.
ші кезең:Бөлініп алынған таза дақылды идентификациялау:а)Морфологиялық жəне тинкториальді қасиеті (шабылған агардан жұғындайындау, грам əдісі бойынша бояу);б) Дақылдық қасиеті;
в) Биохимиялық қасиеті; г) Антигендік қасиеті;
д) Токсигенділікті анықтау.
Трансдукция.Анықтамасы,донор жəне реципиент атаңыз.Бактериялардың рекомбинация-жалпы айтқанда геномдық алмасу.Донор бактериялар-олар генетикалық материалды жасушаларға тасымалдайды,ал реципиент оны қабылдайды.Рекомбинант мағынасы бактериялар арасында генетикалық материяалдың алмасуы оның үш механизмі бар;трансформация;трансдукция,коньюгация.
Трансформация-донордың(беруші) ДНҚ фрагменті арқылы рецепиентке (қабылдаушы) генетикалық информация жеткізілу нəтижесінде бактерия қасиеттерінің ӛзгеруі. Бұл құбылысты алғашқы рет 1922 жылы ағылшын зерттеушісі Ф.Гриффитс тышқандарда тəжірибе жасау кезінде байқаған. Ол тышқандарға вирулентсіз (капсуласы жоқ) пневмококктар мен вирулентті 54 (капсуласы бар) пневмококктарды араластырып енгізеді (жұқтырады). Ӛлген тышқандардан капсулалы пневмококк бӛлініп алынған.
Капсулалы пневмококк ӛлтірілмегенмен оның ДНҚ-ы сақталған, ол капсуласыз түріне еніп, капсулалы пневмококк пайда болған деген тұжырымға келген, бұл құбылысты трансформация деп атаған. Осы жағдайда 1944 жылы Америкалық зерттеушілер О.Эвери, Ж.Мак-Леод жəне К.Мак-Карти пробиркада тəжірибе жасап дəлелдеген.
Трансформациялық құбылыс кез келген жағдайда бола бермейді, ол үшін ӛзінің клетка қабатынан бӛтен ДНҚын ӛткізе алатын бактериялар болуы керек. Ондай қабылдаушы клеткаларды компонентті жасушалар деп атайды.
Трансформация бірнеше кезеңнен тұрады: 1.Рецепиент- бактерияға донордың екі жіпшелі ДНҚ бӛлшегінің адсорбциялануы жəне қабылдануы; 2.Эклипс-жасырын кезеңі-бұл кезде ДНҚ-ң биологиялық əсері болмайды.
Интеграциялау(қосылу)-донордың хромосомалы (ДНҚ бӛлшегі) рецепиенттің хромосомасына қосылады.
Гендердің экспрессиялануы (айқындалуы) -
трансформацияланған жасуша клонының кӛбеюі. Жаңадан пайда болған бактерия ұрпағында ӛзгерген ген болады.
Трансформация кезінде гендік бӛлшектің біреуі екіншісімен алмасады. Трансформация арқылы жаңа морфологиялық, дақылдық, патогендік т.б. қасиеттер беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |