Микроскопиялау кезеңдері


Плазмидалар.Анықтамасы.Жіктелуі



бет15/44
Дата18.11.2023
өлшемі236,66 Kb.
#124383
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Плазмидалар.Анықтамасы.Жіктелуі. Плазмидалар- хромасомадан тыс орналасқан, өзінше репликациялану қабілеттілігі бар жабық сақиналы құрылымнан тұратын ДНҚ. Олар жасушаға қосымша

пайдалы қасиет береді. Бактериялардың плазмидасы өзінше жойылуы мүмкін (элиминация), бірақ олардың негізгі қасиеттеріне əсер етпейді, яғни негізгі қызметін сақтайды жəне де оларда мутациялық, рекомбинациялық өзгерістер болуы мүмкін. Бір бактериядан екіншісіне коньюгация кезінде берілетін плазмидаларды коньюгативті немесе трансмиссивті плазмидалар деп атайды. Коньюгативсіз плазмидалар тек қана коньгативтілердің көмегімен беріледі. Плазмидалар арқылы əртүрлі генетикалық заттар беріліп, микроб жаңа қасиетке ие болады. Ондай факторларға жатады: R-фактор-антибиотикке төзімділік қасиеті; H|r- фактор-күшті коньюгациялық қабілеттілік қасиеті; Col- фактор-колицин синтездеу қасиеті,т.б.; R- факторы бар бактериялар арнайы белок заттар синтездейді. Алғаш рет осындай заттарды ішек таяқшасында болатыны дəлелденген, сондықтан ондай заттарды колицин (Е.Coli) деп атаған, кейіннен колицин тəріздес заттарды басқа да микробтар бөліп шығаратыны анықталды, сондықтан оларды жалпы бактериоциндер деп атайды. Бактериоциннің антибиотиктен ерекшелігі сол, олар өз түріне жататын немесе өте жақын туыстас микробтарды қырып-жояды. Колицин сезімтал микробқа жабысады да, оның метаболизмін бұзып, микробты өлтіреді.




  1. Бактерия өзгергіштігі.Анықтамасы.Түрлері. Модификация (фенотиптік өзгергіштік)- эволюциялық бекітілген қоршаған орта жағдайының өзгеруіне қарай жауап берілетін микроорганизмдердің бейімделу(адаптация) реакциясы. Олар микробтың тіршілік қабілеттілігін қамтамасыз етеді жіне тиісті фактордың əсер етуі тоқтағаннан кейін жойылады. Қысқа уақытты модификациялар тек қана бірінші буынның тіршілік ету кезінде сақталады. Ұзақ мерзімді 53 модификациялар бірнеше ұрпақтың тіршілік ету кезінде сақталады. Негізінде фенотиптік өзгерістер, яғни модификациялар өмірбақи тұқым қуаламайды,əсер етуші фактор жойылғаннан кейін бұрыңғы қасиеттері қалпына келеді.

Фенотиптік(модификациялық, тұқым қуаламайтын) өзгергіштік қоршаған орта факторларының əсерінен болып, бактерия генотипінде өзгеріс туғызбайды. Генотиптік(тұқым қуалайтын) өзгергіштік мутациялық(мутагендік фактор əсер етіп ДНҚ-да өзгеріс болу) жəне рекомбинациялық(геномда əртүрлі рекомбинациялық процесс болу) болып екі топқа бӛлінеді. Бактериялық рекомбинацияларға мына құбылыстар жатады: трансформация, трансдукция, коньюгация.


Бактериялар диссоциациясы-өзгергіштіктің өзінше бір түрі. Ол бактериялардың таза дақылын тығыз ортаға сепкенде 2 түрлі колониялар түзеу арқылы байқалады,олар R- колониялардың айнала шеті кедір бұдыр,ал S- колониялардың айналасы тегіс. диссоциациалары болып табылады.Диссоциациялық процесс кезінде тек қана колониялар пішіні өзгеріп қоймай, олардың биохимиялық, антигендік жəне патогендік белгілері өзгеруі мүмкін.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет