Қышқылға төзімді бактериялар.Микоплазмалар мен xламидиялардың құрылысының ерекшелігі. Қышқылға тӛзімді бактерияларға патогенді микобактериялар жатады:олардың ішінде туберкулез, алапес қоздырғыштары жатады. Аэробты грамтеріс таяқша тəрізді қозғалмайтын бактериялар. Олардың қышқылғатӛзімділігі жасуша қабырғасының 60-қа жуық пайызы липидтердің, фосфолипидтердің жəне май балауызды заттардың құрамының жоғарыболуына байланысты спиртке, сілтіге, қышқылға тӛзімді болып келеді.Патогенділігіне байланысты: патогенді (нақты аурулар тудыруы),потенциальді патогенді жəне сапрофиттік микобактериялар деп жіктелінеді.
Ӛсу жылдамдығы бойынша: Тез ӛсетіндер 4-7 тəулікте, баяу ӛсетіндер 7-10 тəулікте жəне жасанды қоректік ортада ӛспейтіндер (M. Leprae) болыпбӛлінеді.Пигмент түзу қабілетіне қарай: фотохромогенді (жарықта пигмент түзетіндер), скотохромогенді (қараңғыда пигмент түзетіндер) жəне фотохромогенді емес (пигмент түзбейтіндер) болып жіктеледі.Қышқылға тӛзімді бактерияларды анықтау үшін Циль-Нильсен əдісін қолданамыз. Микоплазмалар табиғатта кеңінен таралған ұсақ племорфты грам теріс микроорганизмдер,басқа бактериялардан айырмашылығы жасуша қабырғасы жоқ, бірақ үш қабатты липопротеидті цитоплазматикалық мембранадан тұрады.Микоплазмалар пішіні бойынша шар, сопақша, жіпшелі, жұлдыз тəріздіболады. Микоплазмаларды Берджи жіктелуі бойынша Tenericutes бӛлімінежатқызады.
Олардың ӛлшемдері əртүрлі: бірнеше микрометрден
125-150-ге нм дейін. Микоплазмалар топырақта, ағынды суларда, əртүрлі субстраттарда табылған. Адам жəне жануарлар ағзасында патогенді жəне шартты-патогенді түрлері кездеседі. Патогенді микоплазмалар тыныс алу жолдарын, зəр шығару жəне ОЖЖ зақымдайды.
Бактериялардың қоректенуіне байланысты жіктелуі. Бактерия қоректенуіінің нігізгі мақсаты өсу.Бактерия Қоректену типіне байланысты екіге;прототрофтылар-барлық қоректік затты өз бетімен синтездейді,ал екінші түрі ауксотрофтылар-мутантты бактериялар қоректік заттарды дайын күйінде алады.Бактерия өсуі үшін үздіксіз көміртегі атомы түсіп тұру қажет.Бактериялар көміртекті алу көзіне байланысты мына түрлерге бөлінеді;Аутотрофтар-көміртегі атомын ауадағы СО2 ден алады.Тағы бір түрі гетеротрофтар- көміртегі атомын органикалық қосылыстардан алады.Гетеротрофтардың екі түрі бар оған өлі органикалық заттармен қоректенетіндер-сапрофиттер жəне қоректік заттарды микроорганизмнен алып тамақтанатындаға паразиттер басқаша арамтамақтар.Паразиттер екі түрі бар облигатты жəне факультативті.Облигатты түрі тек жасуша ішінде өсе алатындар,факультативті өз бетінше организмнен тыс өмір сүре алатындар.
Достарыңызбен бөлісу: |