Мутациялар.Анықтамасы:Шығу тегі мен орналасуына байланысты жіктелуі.
Мутациялар - ДНҚ-ның құрылысындағы өзгерістердің нəтижесінде болады. Мутация кезінде кейбір қасиеттері жоғалады жəне ол қасиеттер тұқым қуалайды.Шығу тегі, хромосомадағы орналасуы, ДНҚ құрамындағы алғашқы өзгерістердің сипаттамасы, мутацияланған бактериялық жасушадағы фенотиптік өзгерістердің салдары жəне басқа белгілері бойынша мутацияларды бірнеше топтарға бөліп жіктейді(классификациялайды). Шығу тегі бойынша- спонтанды жəне индуцияланған мутациялар. Спонтанды мутациялар табиғи жағдайда өзінен-өзі болады, себебін анықтау өте қиын. Индуцияланған мутациялар тиісті физикалық немесе химиялық факторлардың(мутагендердің) əсерінен тəжірибе жағдайында пайда болады(мысалы,ультра-күлгін сəуленің əсерінен). Тиісті аминқышқылдарын, азоттық негіздерді, өсу факторларын қажет ететін микроб штамдарын, яғни мутанттарды аукстрофтылар деп атайды. Мутацияланған гендердің саны жəне ДНҚ-ң біріншілік құрылымындағы өзгерістердің
сипаттамасына қарай гендік жəне хромосомалық мутациялар болады. Біріншісінде өзгеріс тек қана бір генде(сондықтан оны нүктелік мутация деп атайды), ал екіншісінде-бірнеше гендерде болады. Нүктелік мутация кезінде ген түсіп қалады, немесе бір ген қосылады, немесе негіздер қосағы алмасады.
Дисбактериоз.Анықтамасы.Фазасы мен дəрежесі. Əртүрлі факторлардың əсерінен (ағзаның иммундық жүйесінің қызметі бұзылғанда, антибиотикпен емдеу тəртібі бұзылғанда, əртүрлі ауыр физикалық, психологиялық зардапқа ұшырағанда т.б.) қалыпты микрофлораның өзара қатынасы өзгеріп патологиялық жағдай туғызуы мүмкін.
Қалыпты микрофлора түрлерінің жəне олардың өзара қатынасының нəтижесінде сандық жəне сапалық сипттамасының өзгеруін дисбактериоз деп атайды. Даму барысының ауырлығы жəне клиникалық белгілерінің айқындалу дəрежесіне байланысты дисбактериоз бірнеше фазада өтеді. Бұл фазалар əсіресе ішек жолында болатын дисбактериозда жиі байқалады. Дисбактериоз фазалары: 1) Басталуы. Табиғи мекендеу орындарында қалыпты симбионттардың саны жылдам көбейе бастайды 2) Қалыпты микрофлораның бір түрінің немесе бөтен микробтардың өсіп өніп көбеюінің нəтижесінде қалыпты микрофлораның кейбір түрі жойыла бастайды. 3) Қалыпты микрофлораның, яғни аутофлораның өкілдері бұрын қалыпты жағдайда болмайтын жерлерінде пайда болады. 4) Қалыпты микрофлора жəне олардың ассоциаттардың патогенділігі өзгереді.Дисбактериоз сатылары I. Айқынсыз. Облигатты жəне факультативті микроорганизмдер арасында белгілі дəрежеде ауытқулар байқалады. II. Микроорганизмдердің екі тобындағы өзгерістер ұзақ мерзімге созылады-айқындала басталған дисбактериоз III. Өте айқын дисбактериоз IV. Асқынулар пайда болады. Қосымша патологиялық процесстер басталады, микробтар басқа ағзаларда қанда, несепте т.б. кездесе бастайды. Егер де бөлінген микробтар арасында төрттен бір бөлігінен азы ШПМ ға жатпаса немесе ШПМ болмаса дисбактериоз жоқ деген тұжырым беріледі.