Микроскопиялау кезеңдері


Медицинада дисбактериозды анықтаудың тəжірибелік маңызы



бет17/44
Дата11.11.2022
өлшемі123,73 Kb.
#49326
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44

Медицинада дисбактериозды анықтаудың тəжірибелік маңызы.


Адамның қалыпты микрофлорасының бұзылуы келесі жолдармен анықталынады:

    1. Белгілі биотоптың(ішек, ауыз, ерін т.б.) микробиоценоз өкілдерінің сандық жəне түрлік құрамын анықтау сұйтылған зерттеу материалын, шайындыны сəйкес қоректік орталарға (Блаурок ортасы- бифидобактерияларға, МРС – екі ортасы- лактобактерияларға, анаэробты қанды агар- бактериоттарға, Левин немесе Эндо ортасы энтеробактерияларға; оттегі-қанды агар – энтерококктарға; қанды агар-стрептококктар мен гемофилдерге; ЕПА фурагинмен-көкірің таяқшасына, Субро ортасы-саңырауқұлақтарға т.б.) себу жолы мен таңбалау əдісі арқылы жүргізіледі.

    2. Зерттеу материалдарында микробтық метаболиттері дисбиоз маркерін анықтау (май қышқылдары, гидроксі май қышқылдары, май қышқылы альдегитер, ферменттер жəне т.б.) Мысалы, нəжісте бета-аспартил- глицин жəне бета-аспартил-лизиннің анықталуы микробиоценоздың бұзылуын дəлелдейді, өйткені қалыпты жағдайда бұл дипептидтер ішектің анаэробты микрофлорасымен метаболиттелінеді.
  1. Адам денесіндегі зəр жəне жыныс


жолдарының ,асқазан-ішек долдарының қалыпты микрофлорасы.
Адам ағзасының микрофлорасы бұл дені сау адамның ағзасында болатын микробтар биоценозының бірлестігі. Қалыпты микрофлора тұрақты (облигатты,резидиентті)жəне кездейсоқ (факультативті) түрде болады. Мекендеу ортасының ерекшеліктеріне байланысты адам денесінің əр жеріндегі (тері,ауыз қуысы, тыныс алу, ішек-қарын жəне несеп-жыныс жолдары) микрофлора құрамы əртүрлі болуы мүмкін. Адам ағзасының микрофлорасы I.Iшек микрофлорасы. Нəресте дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы сағаттарда ішек-қарын жолдары стерильді болады. 3-4күннің ішінде кездейсоқ микробтар түсе бастайды. 4-6 күннен кейін ішек жолының спецификалық микрофлорасы грам оң сүтқышқылды бактериялар мекендей бастайды. Бұл бактериялар E.coli мен шіріткіш микробтарға антагонистік əсер етеді. Ана сүтінен басқа қосымша қоректенуден , тісі шыққаннан кейін микробтардың неше түрлері қосылып ересек адамдардың қалыпты микрофлорасына теңделеді.
Адам организімінде 500дей микроорганизм мекендейді. Олар көбінесе адам организмінде сыртқы ортамен байланысатын қуыстарында мекендейді. Олар жатырда, өкпеде, басқа ішкі органдарда кездеспейді.
Микроорганизмдер адам организміне зиян келтірмейтін комменсал. Организмде тұрақты жəне транзиторлы микрофлоралар болады. Тұрақты микрофлора – өмір бойы болатын микроорганизмдер. Транзиторлы микрофлора – олар біраз өмір сүргеннен кейін тіршілігін жоятын микроорганизмдер. Ұзақ тіршілік етуге қабілетсіз.
Асқазан. Асқазан микрофлорасына лактобациллалар, ашытқылар, кокктар, грамм теріс бактериялар жатады. Бактерия концентрациясы 1мл 103төмен. Асқазанда ішекке
қарағанда микрофлора аз болады. Өйткені рНы қышқылды болып келеді. Асқазан қалыптыда патогенді микробтарды тежейді.
Ащы ішек. 1млде 105-108. Оларға бифидобактреиялар, лактобактериялар, клостридиялар, эубактериялар, энтерококктар, порфиромонадалар, превотеллалар, анаэробты кокктра жатарды.
Тоқ ішек. 1гр нəжісте 1012. Микроорганизмдердің көпшілігі(95%) анаэробты бактериялар. Микрофлоралар – грам оң анаэроб таяқшалар, грам оң спора түзетін анаэроб таяқшалар, грам теріс анаэроб таяқшалар, грам оң анаэроб кокктар. Аз мөлшерде превотеллалар, пропионибактериялар, стафилокок, көк ірің таяқша, профиолеонадалар кездеседі.
Несеп-жыныс жолдары. Бүйрек, несепағар, қуық, жатыр, простатада микроорганизмдер кездеспейді.
Гениталий микрофлорасына сапрофитті микобактериялар, коринеформды бактерия, көгерткіш стрептококктар, кандида жəне т.б.
Қынап микрофлорасы – лактобактерия, бактериод, превотелла, бифидобактерия, коринеформды бактерия жəне т.б.
Жатыр қуысы, қуықта микроорганизмдер болмайды.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет