Бактерияларды тірі күйінде зерттеу əдістерін сипаттау.Қолданылуы.
Бактерияларды тірі күйінде зерттеу олардың қозғалысын анықтауға мүмкіндік береді.Езілген жəне ілінген тамшы əдістерін қолдана отырып боялған жəне нетивті препараттарлы зерттейді.Бактерияны тірі күйінде бояу немесе витальді деп аталады.Бактериялар қойырпасына 0,001% бейтарапты қызыл ерітінді немесе метилен көгінің бір тамшысын тамызады сосын оны езілген немесе ілінген тамшы əдісі бойынша дайындайды.Езілген тамшы əдісі дайындалуы-майсыздандырылған зат əйнекшесінің үстіне сорпалық дақыл тамызады,ал дақыл тығыз қореқтік ортадан болса майсыздандырылған зат əйнекшесінің үстіне стерильді изотониялық натрий xлоридінің ерітіндісін тамызады сосын дақылды ілмекпен алып тамшыга араластырадыда үстіне жабынды əйнекті жабады.Ілінген тамшы препаратын дайындау.Жабынды əйнекке зерттелінетін материаллы тамызып екінші жабынды əйнекті төңкеріп жабады сол кезде екі əйнек беттесіп жабысады.Екі əйнекті жаппай жатып ойшығы бар зат əйнекшесінің ойшығының айналасына вазелин майын жағады.Кейбір көптеген қозғалғыш бактериялар жылдам қозғалады сол үшін оларды зерттеу қиынға түседі.Олардың қозғалысын азайту үшін суспензияға метилцеллюлоза қосады.
5.бактериялогиялық зертхананың жұмыс істеу ережелері.
Микробиологиялық зертханада жұқпалы материалмен жұмыс істеуге
тура келеді, сондықтан жұмыс барсында қауісіздік, сақтық ережелерін жəне
ұқыптылықты мұқият сақтау керек:
Жұмыс орнында бӛтен заттар болмау керек;
Зертхана бӛлмесінде қатаң тиым салынады: темекі тартуға,
тамақтануға, бос артық əңгіме айту, асығуға;
Жұмыс міндетті түрде арнайы медициналық халат пен бас киім,
Кезекші студент оқытушы қадағалаумен əр студентке жұмыс істеу
құралын таратады жəне сабақ соңында жинап алады;
Тірі микроорганиздермен жұмыс істеу барысында қолданылған
заттарды залалсыздандыру қажет: бактериалді ілмекті жанып тұрған оттықта
күйдіру қажет, пипетка мен шыныны залалсыздандыру ерітіндісіне салу
керек;
Егер байқаусызда пробирка немесе басқа ыдыс сынып қалса жəне де жұқпалы улы сұйықтық төгіліп қалса, студент тез арада оқытушыға хабарлаукерек жəне сол жерде залалсыздандыру жұмысын жүргізу керек;
Сабақ соңында əр жұмыс орнын тəртіпке келтіру керек, əр студент кезекшіге қолданған заттарын ӛткізеді, салған альбомын жəне толтырылған