Трансформация-донордың(беруші) ДНҚ фрагменті арқылы рецепиентке (қабылдаушы) генетикалық информация жеткізілу нəтижесінде бактерия қасиеттерінің ӛзгеруі. Бұл құбылысты алғашқы рет 1922 жылы ағылшын зерттеушісі Ф.Гриффитс тышқандарда тəжірибе жасау кезінде байқаған. Ол тышқандарға вирулентсіз (капсуласы жоқ) пневмококктар мен вирулентті 54 (капсуласы бар) пневмококктарды араластырып енгізеді (жұқтырады). Ӛлген тышқандардан капсулалы пневмококк бӛлініп алынған.
Капсулалы пневмококк ӛлтірілмегенмен оның ДНҚ-ы сақталған, ол капсуласыз түріне еніп, капсулалы пневмококк пайда болған деген тұжырымға келген, бұл құбылысты трансформация деп атаған. Осы жағдайда 1944 жылы Америкалық зерттеушілер О.Эвери, Ж.Мак-Леод жəне К.Мак-Карти пробиркада тəжірибе жасап дəлелдеген.
Трансформациялық құбылыс кез келген жағдайда бола бермейді, ол үшін ӛзінің клетка қабатынан бӛтен ДНҚын ӛткізе алатын бактериялар болуы керек. Ондай қабылдаушы клеткаларды компонентті жасушалар деп атайды.
Трансформация бірнеше кезеңнен тұрады: 1.Рецепиент- бактерияға донордың екі жіпшелі ДНҚ бӛлшегінің адсорбциялануы жəне қабылдануы; 2.Эклипс-жасырын кезеңі-бұл кезде ДНҚ-ң биологиялық əсері болмайды.
Интеграциялау(қосылу)-донордың хромосомалы (ДНҚ бӛлшегі) рецепиенттің хромосомасына қосылады.
Гендердің экспрессиялануы (айқындалуы) - трансформацияланған жасуша клонының кӛбеюі. Жаңадан пайда болған бактерия ұрпағында ӛзгерген ген болады.
Трансформация кезінде гендік бӛлшектің біреуі екіншісімен алмасады. Трансформация арқылы жаңа морфологиялық, дақылдық, патогендік т.б. қасиеттер беріледі.
Коньюгация - донор-жасушадан рецепиентке бактериялардың бірбірімен тікелей жанасқанда генетикалық информация берілуі. Бактериялардың коньюгациялық қабілеттілігі оларда жыныстық фактор-F, хромосомадан тыс автономиялық детерминанттың болуымен байланысты. Бұл фактор ӛзінше репликациялану қабілеттілігі бар ДНҚ молекуласына жатады. Осындай жыныстық факторы бар жасушалардың ондай факторы жоқтарға қарағанда қосымша сыртқы қабаттық құрылымдар- кірпікшелер (половые пили) синтездеу қабілеттілігі бар. Олар донордан рецепиентке 55 генетикалық информация ӛткізетін цитоплазмалық кӛпірше қызметін атқарады. Коньюгация кезінде бактерия хромасомасының фрагментін ӛткізе алатын микроб штамдарын H|r- бактериялар деп атайды, яғни рекомбинациялық қабілеттілігі күшті жасушалар. Олардың жыныстық факторы хромасомада орналасады. Генетикалық информация коньюгация кезінде бір бағытта, яғни аталық жасушадан (Ғ+) аналық жасушаға (Ғ-) беріледі. Осының нəтижесінде ДНҚ фрагменті бірінен екіншісіне өтеді.