Стерилизация. Анықтамасы. Стерилизация əдістері.Стерилизация - микроорганизмдердің барлық түрін жəне олардың спораларын жоғары температура немесе басқа да физикалық факторлардың, химиялық заттардың, иондағыш сəулелердің əсерімен толық жою.Стерилизация асептиканың негізі болып табылады, госпиталдық инфекциялармен күресуде жəне операциядан кейінгі іріңді асқынулар профилактикасында, гепатит В, АИТВ - инфекциясы жəне іріңді ауруларда маңызы зор.Барлық медициналық бұйымдар мен құралдар стерилизацияланады дренаждар, шприцтер, таңатын материалдар, жара бетімен қатынасқа түсетін,қан жəне инъекциялық препараттар, сонымен қатар экспулатация процесінде шырышты қабықшамен қатынасатын жəне оның зақымдануын тудыру мүмкін, операция бөлмесінің ауасы, хирургтың қолы жəне операциялық мейірбикенің қолы зарарсыздандырылады.
Стерилизация 2ге бөлінеді: физикалық, xимиялық. Термиялық (физикалық) стерилизацияға ультракүлгін- сəулелер: процедуралық, операциондық, ультракүлгін ауамен шағылыстыру жатады. Клиникалық практикада физикалық факторлармен əсер ететін стерилизациялар жиі қолданады.
Физикалық стерилизацияға жатады:
Автоклавтау
Құрғақ ауамен стерилизациялау
Қайнату
Ультракүлгін сəулелермен стерилизациялау Автоклавтау – қысымдағы бумен əсер ететін стерилизация болып табылады. Булы стерилизация жоғары температура (138 С) мен жоғары қысым (2,5 ат.қ.) арқылы əсер етумен жүзеге асады. Нəтижесінде стерилизациялы камерадан барлық ауа ығыстырылады.
Емдеу мекемелерінде бұл əдістің 2 режимі қолданылады:
1 режим -температура 132 С, қысым 2 атмосфералық қысым, уақыты 20 мин. Бұл режим арқылы шыны құралдар, шприц, корозияға тұрақты металдар стерилизациядан өтеді.
2 режим температура 120 С, қысым 1,1 атмосфералық қысым. Бұл режимде жұқа резеңкеден жасалған құралдар, латекстерді (хирургиялық қолғап жəне т.б), полимерлердің жеке түрлері стерилизациялайды.
Бумен стерилизациялайтын құралдарды алдымен фильтрлі стерилизациялы қораптарға салып маркирлейді. Фильтрсіз бикстер 3 күн, фильтрлі бикстер 20 күн сақталады.
Булы стерилизаторларды əдетте автоклавтың атымен атайды
(гр. «ауто» — өзі лат. «клавис» — кілт).
Құрғақ ауадағы стерилизация Металлдан, шыныдан жасалған құралдарға
арналған.тСтерилизацияның бұл түріне көбінесе су өтпейтін құрғақ қағазбен қапталған (немесе қапталмаған) заттар ұшырайды. Қағазбен стерилизацияланған заттарды 3 күннен артық сақтауға болмайды.
Стерилизациялы камераның жұмыс температурасы 180 С, ұстау уақыты 60 мин. Қағаз қапшықтарды қолдан жасап, 5% крахмалмен желімдейді.
Құрғақ ауадағы стерилизация жұмысының орындалу реті:
Салқын стерилизатор
Қыздыру
Стерилизация: қажетті температура 180 С, белгіленген уақыт 60 минут
Суыту: 40-50 С дейін Қайнату
Бұл əдіспен ұсақ хирургиялық құралдар, шприц, заттық үстелше жəне т.б. Құралдар стерилизацияланады. Оларды су құйылған арнайы стерилизаторларға орналастырады. Судың қайнау температурасын жоғарылату үшін 1-2% натрий
бикарбонатын қосады. Қайнату уақыты 30 мин. Бірақ бұл əдіс толық стерилизацияны қамтамасыз етпейді, себебі кейбір вирустар (гепатит вирусы) мен бактерия споралары толық жойылмауы мүмкін.
Ультракүлгін сəулелермен стерилизациялау
Бұл əдіс толқын ұзындығы 260-300 мкм ультракүлгін сəулелермен əсер ету арқылы жүзеге асады. Бокстағы, операциондық бөлмедегі, балалар бөліміндегі ауаны тазарту үшін қуаты əр түрлі (БУВ-15, БУВ-30) бактерицидті шамдар қолданылады.
Химиялық стерилизация
Стерилизациялаудың химиялық əдісінде полиэтиленнен жасалған құралдар, өкпені жасанды вентиляциялайтын аппараттар, эндоскоптар дезинфекциялаушы ерітінділер немесе газдармен стерилизацияланады.
Химиялық стерилизация
Газды
Ультрадауысты
Инфрақызыл шағылыстыру Газбен стерилизациялау.
Бұл əдіс газды, стерилизациялы камерада өтеді. Негізінен бұл əдіспен медициналық құралдарды этиленде немесе ОБ ерітіндісінде стерилизациялайды. Стерилизацияланатын заттар: кардиостимуляторлар, оптикалар, резинкелер, шыны ыдыстар, түрлі аппараттардың пластмасты бөліктері.
Стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалау. Стерилизацияның барлық əдістері жұмыстың дұрыс орындалуын талап етеді. Сондықтан жұмысты сақтықпен орындау керек!
Стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалау
Бактериологиялық əдіс – ең нақты, бірақ уақытты көп қажет етеді. Бұл əдіс стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалайды.
Техникалық əдіс – манометрмен дұрыс жұмыс істеуді, камераға максимальді термометр орналасқандықтан периодті түрде температурасын тексеруді талап етеді.
Термиялық əдіс — күнделікті өткізіледі. Ол құрамында құм тəрізді заттардың түсін өзгертіп, олардың белгілі бір температурада еруіне негізделген.
Стерилизацияны қадағалау үшін қолданады: Температураны, қысымды, уақытты, өлшеу; химиялық тестілер; термохимялық индикаторлар жəне биотестілер. Келесі заттар қолданылады:
Мочевина (132 С)
Тиомочевина (180 С), янтарь қышқылы (180-192 С) жəне т.б.