Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы



бет21/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Массон бояуын дайындау:
1. Массон А (фуксин-пунц) - 0,1 г қышқыл фуксин +0,2 г пунц S + 300 мл су. Барлық қоспа ерігенде 0,6 мл мұздық сірке қышқылын қосу керек.
2. Массон В (Оранж G және фосфорлы молибден қышқылы қоспасы), оранж G 2 г 1-5 г фосфорлы молибден қышқылы +100 мл дистилденген су қосу.
3. Массон С (ашық көк). 0,1-0,2 г ашық көкке 200 мл 2% сірке қышқылын қосу керек.
Караци гематоксилины. Кейбір жазбаларда және орыс транскрипцияларында Карачи деп жазылады.
Дистилденген су 400мл
Алюмокалийлы ашудас 25г
Кристалды гематоксилин 0,5г
Глицерин 100мл
Йодты қышқыл калий (KJO3) 0,03г


+25° температурада 1-2 сағаттан бірнеше күнге дейін қолданбай сақтаса, бұл қоспа мөлдір емес, шие-көк түсті бояуға дайын сұйықтық болып шығады. Сақтау уақыты ұзарса, оның бояу шамасы да көтеріледі. Бояуы бар химиялық ыдысты дәкеге оралған мақта тығын жасап жауып қойса, өте көп сақталады. Бояу көгеріп кетпеу үшін аздап тимол кристалын қосу керек.


1.12 Бояу әдістері

Бояу алдында жұмыс орнын дайындап алады, үстелдегі артық құралдарды алып тастап, микроскопты орнатады. Белгілі бір ерітінді түрлеріне байланысты ыдыстарды ретпен қойып, жабынды шыныларды және тағы басқа құрал жабдықтарды даярлайды. Кейін ғана барып бояуға кіріседі.


Кесінділерді гематоксилин-эозинмен бояу тәсілі. Бұл әдіс гистологиялық тәжірибеде кеңінен қолданылып келе жатыр. Бояуды белгілі бір ретпен орындау керек. Бояу нәтижесі, әдіспен қатар кесіндінің құрамына да байланысты. Қандай бояу әдісі қолданылсада, ең бірінші міндет парафинді еріту.
Депарафинизация:

І Ксилол (бензол, толуол) - 2 мин


ІІ Ксилол (бензол, толуол) - 2 мин
І Абсолютті спирт - 2 мин
ІІ Абсолютті спирт - 2 мин
І 96°-ты спирт - 2 мин
ІІ 96°-ты спирт - 2 мин
90°-ты спирт - 2 мин
80°-ты спирт - 2 мин
70°-ты спирт - 2 мин
Дистилденген су - 10 мин


Содан кейін кесінді бар шыныны дистилденген судан алып, жан- жағында қышқыл болса, сүртіп құрғатады, бір-бірлеп орналастырып, бояу ерітіндісін тамызғышпен құяды. Бояу кесіндіні түгелімен жауып тұруы тиіс. 2 минуттан кейін, бояуды төгіп, оны дистилденген суға салады. Қалған екі шыны ыдысты 4-6 минуттан соң гематоксилиннен алады. Осы жұмыстардан соң, шыны ыдыстың астын құрғатып сүртіп, микроскоптың кіші үлкейткішімен қарайды. Боялу кезінде кесінді суда қалқып жүрген болса, препараттық ине арқылы бірнешеуін бояуға салып немесе төменгі бюкске қойып, аздаған уақыттан соң бояудан немесе бюкстан алады да, дистилденген суда шаяды, содан соң таза шыныға салып микроскоппен қарайды.
Бояу жолы:
Гематоксилин мен бояу 1-5 мин
Су мен шайқау 2 мин
Ағынды суда жуу 10 мин
Эозин(0,1%) 1-10 мин
Сумен шайқау
Дегидратация, түссіздендіру және бальзамға бекіту:
70°-ті спирт 2 мин
80°-ті спирт 2 мин
90°-ті спирт 2 мин
I 96°-ті спирт 2 мин
II 96°-ті спирт 2 мин
I Абсолютті спирт 2 мин
II Абсолютті спирт 2 мин
I Ксилол (бензол,толуол) 2 мин
II Ксилол (бензол,толуол) 2 мин Бальзам тамызып, жабынды шыны жабыстыру.

Нәтижелері: ядро ашық күлгін түске боялатын болса - кесінді дұрыс боялмаған, ядро - күңгірт - күлгін, цитоплазма да боялған болса - кесінді қатты боялған, ядро - қызыл-күлгін түсті және ядрошық, хроматиндер анық көрініп, цитоплазмасы ашық түсті, боялмаған болса - бояу дұрыс жүргізілген.


Гематоксилин - табиғи бояу, ол суда, спиртте және глицеринде жүргізіледі. Гематоксилин ерітіндісі негіздік қасиеттерге ие, ядро құрылымдарын анық көрсетеді. Бірақ гематоксилиннің өзі боямайды, бояушы оның өнімі - гематейн. Эозин - жасанды бояу, суда не спиртте ериді, қышқылдық қасиетке ие, ұлпаның цитоплазмасын қызғылт түске бояйды. Гематоксилинмен боялған кесіндіні дистилденген суда жақсылап шайып, үстіне эозин ерітіндісін тамызады. Бояу уақытының маңызы зор, мерзімі 1- 4-5 минутқа дейін созылады.
Қорытынды:
1. Цитоплазма қызғылт немесе сарғыш түске боялған - препарат анық боялмаған.
2. Жалпы түсі қызыл, микроқұрылымдар және ядроның шекаралары анық көрінбейді - препарат қатты боялған.
3. Жалпы көрінісінің түсі қызғылт сары түсті, ядросы анық көрінген - препарат жақсы, дұрыс боялған.
Эозинмен бояу біткен соң, бояуды флаконға қайта құяды, кесіндіні дистилденген суда шаяды, спирттермен, карбол-ксилолмен, ксилолмен шайып, бальзаммен жабады. Эозинді суда және күші төмен спиртте шайған уақытта оңай кетеді, сондықтан кесіндіні бұндай сұйықтықта шайған кезде тез жүргізген дұрыс болады, тек 96° және 100° спиртте 1-2 минут ұстайды. Кесінді эозинмен қатты боялған болса, онда артық бояуларды шайып тастау керек. Эозиннің бояу қасиеттерін күшейту үшін сірке қышқылын пайдалану керек. Ядроны қызыл түске, цитоплазманы жасыл және сары түске бояйтын бояулар түрлерін кездестіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет