ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
С.М. Шалғымбаева, Ж.С. Омарова, Г.Б. Джумаханова
МИКРОТЕХНИКА НЕГІЗДЕРІ
(ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚУ ҚҰРАЛЫ)
Алматы
«Қазақ университеті»
2020
ӘОЖ 611-018(075.32)
С.М. Шалғымбаева, Ж.С. Омарова, Г.Б. Джумаханова. Биологтарға арналған микротехникалық әдістер/. Әдістемелік оқу құралы/ -Алматы: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, 2020. 71 бет.
Бұл әдістемелік құрал ең қарапайым да, оңай микроскоптық техниканың әдістерін көрсетіп, тотальды және гистологиялық препараттарды жасап үйретіп, жануарлардың және өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясын жарық микроскопиясын қолдану арқылы зерттеуге арналған. Бұл әдістеме биологиялық, медициналық, мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, мектеп мұғалімдеріне, медицина, ветеринария саласында қызмет ететін мамандарға ұсынылады.
Рецензенттер:
Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми хатшысы, аға ғылыми қызметкер, б. ғ.к. Э.С. Саметова
Ботаника және фитоинтродукция институты, микология және альгология зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к. С.Б. Нурашов
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің, «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, в.ғ.к. А.С. Ибажанова
МАЗМҰНЫ
|
Кіріспе
|
5
|
1.
|
Жұмыс орнын дайындау
|
6
|
1.1
|
Микротехника жұмысына арналған материалдар мен реактивтер. Зертханалық ыдыстар мен құралдар
|
7
|
1.2
|
Химиялық заттар мен реактивтер
|
10
|
1.3
|
Реактивтермен және қышқылдармен жұмыс істеген уақытта қауіпсіздік техниканы сақтау
|
11
|
1.4
|
Микротехникаға қатысты материалдарды дайындау. Материалдарды фиксациялау немесе бекіту
|
11
|
1.5
|
Химиялық ыдыс пен шыныны тазалау және дайындау
|
14
|
1.6
|
Тұтас және тұрақты препараттар жасау
|
14
|
1.6.1
|
Diplostomidae метацеркарийлерінен тотальді препараттар әзірлеу
|
15
|
1.6.2
|
Ересек трематодалар мен олардың құрттарынан тотальді препараттар жасау
|
15
|
1.6.3
|
Паразиттер денесінен тұрақты препараттар дайындау
|
16
|
1.6.4
|
Романовский - Гимза әдісімен қанның ірі тамшысындағы паразиттерді бояу
|
16
|
1.6.5
|
Материалдан кәдімгі бояулар арқылы препараттар жасау
|
17
|
1.6.6
|
Гельминттерден тұрақты боялған препарат жасау
|
18
|
1.6.7
|
Алдын ала бекітілген тұрақты боялған гельминт препаратын дайындау
|
18
|
1.7
|
Ұлпаларды гистологиялық препараттар жасауға дайындау
|
19
|
1.7.1
|
Дегидратация
|
19
|
1.7.2
|
Парафин сіңдіру
|
21
|
1.7.2.1
|
Парафин дайындау
|
22
|
1.7.2.2
|
Парафинді нысандарды блоктарға құю
|
22
|
1.7.3
|
Целлоидинге сіңдіру және құю. Целлоидин сұйықтығын дайындау
|
24
|
1.7.3.1
|
Кесінділерді целлоидиндеу
|
24
|
1.7.3.2
|
Целлоидинді-парафинге сіңдіру
|
25
|
1.8
|
Декальцинация туралы мағлұмат
|
25
|
1.8.1
|
Калций жою сұйықтықтары
|
26
|
1.8.2
|
Жаңа жасалған препараттарды байқау
|
26
|
1.9
|
Гистологиялық препаратты жасау
|
26
|
1.9.1
|
Микротомдармен жұмыс жасау
|
26
|
1.9.2
|
Микротом кесінділерін жасау
|
27
|
1.9.2.1
|
Кесінділер келесі әрекеттер тізбегі арқылы алынады
|
27
|
1.10
|
Гистологиялық препараттарды бояу
|
32
|
1.10.1
|
Парафинді гистологиялық кесіндіні целлоиттау
|
33
|
1.10.2
|
Желатинді кесінділерді өңдеу және бояу ерекшеліктері
|
34
|
1.11
|
Бояуға пайдаланылатын сұйықтықтарды дайындау
|
34
|
1.12
|
Бояу әдістері
|
36
|
1.13
|
Жаңа жасалған сұйықтық 2 % бура. Жіктеліп алынған, декальцинация және недекальцинация сүйек ұлпасын бояу әдістері.
|
41
|
1.13.1
|
Сүйек ұлпасын және сүйек арналарын көру немесе шығару.
|
41
|
1.13.2
|
Сүйектің өсуін және дамуын зерттеу
|
42
|
1.14
|
Гистохимия негіздері және әдістері
|
42
|
1.14.1
|
Браше әдісі бойынша рибонуклейн қышқылын анықтау
|
44
|
1.14.2
|
Бест әдісі бойынша гликогенді карминмен табу
|
46
|
2.
|
ВНИРО мамандарының ихтиологтарға ұсынған гистология әдісі
|
48
|
2.1
|
Бутанол мен дегидратация
|
48
|
2.2
|
Парафинмен құю
|
51
|
2.3
|
Препараттарды бояу
|
52
|
2.4
|
Препараттарды бекіту
|
52
|
2.5
|
Дайын препараттарды сақтау
|
52
|
3.
|
Ботаникалық гистологиялық препараттарды жасау әдісі
|
53
|
3.1
|
Материалды фиксациялау
|
53
|
3.2
|
Материалды ағын суда жуу
|
56
|
3.3
|
Материалды дегидратациялау және оны парафинге салу
|
57
|
3.4
|
Микротомдық препараттарды бояу
|
60
|
3.5
|
Бальзаммен кесінділерді жабу
|
62
|
3.6
|
А.И. Михальцова бойынша объектерді спирттерден өткізбей, сіңдірмей және парафинге салмай, парафин блоктарын жасау және т.б.
|
62
|
|
Қолданылған әдебиет
|
68
|
|
Қазақша-орысша сөздік
|
70
|
КІРІСПЕ
Биоалуантүрлілік және биореурстар кафедрасында зертханалық сабақтар кезінде студенттердің өзіндік жұмыстарын жеңілдету және жақсы ұйымдастыру үшін, сондай-ақ курстық және дипломдық жұмыстарды орындау үшін осы әдістемелік нұсқаулық жазылған. Анатомиялық және цитоэмбриологиялық зерттеулерде ең көп қолданылатын және кең таралған микротом препараттарын жасау техникасына басты назар аударылады. Сонымен қатар уақытша дайындайтын препараттар туралы ақпарат беріледі. Сапалы гистологиялық препараттарды алу, зертханалық процесті ұйымдастыруды, барлық кезеңдерді қатаң стандарттауды қажет етеді. Гистологиялық техникада көптеген әртүрлі технологиялық өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл нұсқаулық, гистологиялық препараттарды жасауға байланысты процестердің негізі жайлы түсінік қалыптастырады. Авторлар тұрақты және тұтас (тотальді) препараттар дайындау үшін, материалды өңдеу әдістеріне қатысты жалпы тәсілдерді, келтірді. Алайда жануарлардың жеке ұлпаларының құрылымы мен қызметіне байланысты зерттеу әдістемеде біраз өзгерістер жасауды және микроскопиялық техникамен жұмыс жүргізуді негізгі әдістерін нақтылауды қажет етеді. Ботаникалық микротехника бөлімі вегетативті және генеративті өсінділер мен көпжылдық шөптердің тамырларының ұлпаларына қатысты микроскопиялық зерттеудің әдістері мен негізделген.
Бұл әдістемелік оқу құралы алдын шығарылған «Микротехника негіздері» атты оқу құралын қайта өңдеп, қосымша әдістер енгізіп, толықтырылған нұсқа болып табылады.
1. Жұмыс орнын дайындау
Жұмыстың тиімді және сапалы болуы, мақсатқа сай алдын ала ұйымдастырылған жұмыс орнына байланысты. Зертханалық ыдыстарды, құрал-саймандарды, керекті ерітінділер мен реактивтерді дұрыс дайындау, аз уақыт ішінде көп жұмысты оңай атқаруға мүмкіндік береді (1-сурет).
1-сурет. Дайындық жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс орны.
Достарыңызбен бөлісу: |