Міндеттері: Білімділік міндеті: Оқушыларға құстардың маңызы туралы түсінік беру. Тәрбиелік міндеті



бет4/5
Дата19.07.2023
өлшемі29,12 Kb.
#104542
1   2   3   4   5
Ән: Ақ көгершін
6).Құлақтан кіріп бойды алар.Құстардың суретін салу.
Балалар,қазір орман ішіндегі тоқылдақтың дауысын тыңдайық.
III.Қорытынды.
Құстар адам өміріне сән-салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рахатқа бөлейді.
Құстардың ұясын бұзып,жұмыртқаларын жаруға, рақымсыздық жасауға,жазықсыз жәбірлеуге, өлтіруге жол бермейік.Еліміздің болашағы-білімді ұрпағында.Білім аспанында құсша шарықтап ұш.Елімізде тыныштық болып,бейбітшіліктің ақ құсы аспанда шарласын!

Пайдалы құстардың бірі қараторғай.Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді.Үйлеріңнің қасындаңы кіп-кішкентай торғай бір жылда бір өзі ғана 4 миллион зиянды құрттарды жейді.



Қарлығаш-еңбекқор құс.Халқымыз қарлығашты киелі деп санайды. «Қарлығаштың ұясын бұзған адам қырық түрлі пәлеге жолығады»-деген жорамал бар. Бір қарлығаш жыл бойы 1 миллион құрт жейді- деп ғалымдар зерттеген.
Үкі-орманды мекендеп жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс.Басы үлкен,кқздері бақырайған,қауырсыны жұмсақ.Қазақ халқы үкіні қасиетті құс деп санаған.Қауырсынын баланың бесігіне,бас киіміне тағады.
Тоқылдақты орман емшісі деп атайды. Бір тәулікте 200 –ден астам зиянкестің көзін жояды.
Аққу-қорғауға алынған мойны ұзын,сұлужыл құсы.Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып,қазан айында ұшып кетеді.Бір ерекшелігі олар өлгенше жұптарын жазбайды.
Балалар,қазір құстардың әнін, орман ішіндегі құстардың дауысын тыңдайық.Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйіне әсер етеді.
Тырна- өте сақ құс.Ол су құсы.Аспанда үшбұрыш жасап, тізбектеліп ұшады.Ол су қатқанда,күздің соңғы айында қайтады.
Аққу 300 жыл өмір сүреді.Достықтың ,махаббаттың белгісі.
Ақ көгершін бейбітшілік құсы,қолға үйретілген, ақ қанатты, нәзік.
Құстардың ең қырағысы сұңқар.Ол 1 км қашықтықтағы жәндікті көре алады.
Құстардың ішіндегі ең жүзгіші –пингвин.Ол сағатына 300 шақырым жерге дейін жүзе алады.
Дүниеде күн көзіне тік қарай алатын құс-бүркіт.Елімізде бүркіттің 7 түрі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет