«Дала құстары» Үкі,Бозторғай,Бүркіт ,Ақ көгершін. «Жыл құстары» Қараторғай,Қарлығаш,Бұлбұл,Аққу. Құстар адам өміріне сән-салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рақатқа бөлейді.Сондықтан атадан балаға мұра болып келе жатқан халық шығармаларында адам бойында ең сұлу ерекшеліктерді құстарға теңеп, «аққу мойын», «қасы қарлығаштың қанатындай», «қаз дауысты» т.б. деп сипаттаса «Қарлығаш», «Қаршыға», «Сандуғаш» деп балаларына ат берген.
Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқаларын жаруға, рақымсыздық жасауға,жазықсыз жәбірлеуге ,өлтіуге жол бермейік.
Дала құстары 1.Бозторғай: Мен даланың әншісі.
Тәңсәріден жырлайтын.
Кең даланың малшысы.
Қиялдана тыңдайтын.
2.Бүркіт: Мен бүркіт көк күмбезде қалықтаған,
Қияға қанат қағып шарықтаған.
Құс ішінде қырағы болғандықтан,
Атандым қыран бүркіт қалықтаған.
3.Ақ көгершін: Бейбітшіліктің құсы менмін-көгершін.
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.
Аспан тұйық,шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін.
Жыл құстары 4. Қарлығаш:Қарлығашпын мен,
Адамның тұрағын мекен етіп тұрайын,
Тазалаймын үй-ішін.
Шыбын деген кеселден.
5.Бұлбұл:Мен еркін бақытты бұлбұлмын,
Бұлағын тасытқан ән-жырдың,
Тамаша тамылжып шырқайтын
Шаттығын тауыса алмай әр күннің.
6.Аққу: Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығын кезеп еш мерген,
Атуға көзі қимаған,
Сұлулықты паш етіп,
Жырлаған талай ақындар,
Нәзік үнді,көл көркі
Құс патшасы мен болам.