Блокты су айдау сұлбасы
Су айдаудың таңдау жүйесін ошақтап су айдау сияқты, қалыңдығы және созылуы бойынша, көп жағдайда біртексіз коллекторлардан мұнай қорын алу кезінде қолданады. Бұл жүйеде, мұнайдың сумен максималды қарқынды ығыстырылуын қамтамасыз ететіндей және қабаттың біртексіздігі линза көрінісін толық өндіруге және мұнай алудың соңғы коэффициентіне әсерін минимумға жеткізетіндей етіп, өнімді қабаттарының таралуының және оның жақын жердегі өндіру мен айдау ұңғымасының бұрғылау нүктелерін, ұңғымалардың түптерімен байланысының иондық шарттарын бөлшекті геологиялық зерттеу есебімен анықтайды. Осының әсерінен айдау ұңғымалары коллектордың табиғи біртексіздігін көрсетіп, ауданда бірқалыпсыз орналасады. Бұл айдау ұңғымасының сумен жабдықталу жүйесін қиындатады. Игерудің бірінші сатысында, яғни геологиялық ақпараттар шектеулі немесе жеткіліксіз болған кезде бұл жүйе қолданыла алмайды. Ол тек келесі сатыларда, қабаттың құрылымдық бөлшектері және ұңғымаларға негізгі су айдау жүйесінің нәтижелері белгілі болғанда ғана тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |