3.Су айдау көздері
Қабат қысымын ұстау үшін, қабатқа табиғи суларды және жер асты суларын құрамына минералды тұздармен эмульсиясы бар суларды айдауға болады. Құмкөл кен орнының ауданы көп жағдайда өзара жалғасқан ондаған тұзды келдермен қоршалған. Олар жауын-шашынмен және мұнаймен өндірілген сулармен толып тұрады. Барлық мұнай горизонттары өзара жақын орналасқан. Мұнаймен бірге өндірілген қабат сулары рельефтің төменгі учаскелеріне айдалады, бұдан грунтты судын деңгейі кетеріледі және сорлардың аумағы үлкейеді.
Грунтты сулардың деңгейі 0,15-0,45м аралығында болады. Грунтты сулардың деңгейі өндіріс сорларының жоғарғы қабатында болады. Негізінен айдау ұңғылары арқылы пайдалану ұңғысынан сорға жіберілген сулар айдалады. Табиғи сулардың бойында аз мөлшерде минералды тұздар, әртүрлі газдар, механикалық қоспалар болады.
Жоғарғы қабат және жер асты суларында сондай-ақ микро-организмдер кездеседі. Әртүрлі дәрежедегі әрбір жұмсалған судың компонеттері қабатқа су айдау процесіне әсер етеді. Сондықтан су айдау процесін жақсы сапалы сумен қамтамасыз ету керек. Айдалатын судың құрамындағы механикалық қоспалар мен микроорганизмдер фильтрацияның жоғарғы қабатына құйылады. Ол өнімді қабаттың өнімділігін, айдау ұңғыларының қабілетін азайтады
Бұндай жағдайда қабатқа су айдауға қаныққан күкірт сутекті сұйықтық айдалатын болса, онда құрамында темір мен оттегі бар су пайдаланылады. Қуысты ортада тотығу жүріп соның нәтижесінде қатты гидраттардың тұңбасы түзілуі мүмкін.
Құмкөл кен орнында суға микробиологиялық талдау жүргізілген жоқ. Жиынға айдалған тығыздалаған су, кей-кезде коллектордың қасиетінің басты себебі болуы мүмкін. Қабатта белгілі бір мөлшерде саз болса, су айдау үшін, тығыздалған су емес, минералды сулар, құрамында саздың ұлғаюына ешқандай жол бермейтін заттары бар сулар қолданылады. Олар керісінше су айдау ұңғысының жұтылу қабілетін жақсартады.
Ұңғыдан мұнаймен бірге өндірілген қабат сулары әртүрлі кен орындарында өзінің құрамымен айырылады. Олардың құрамында минералды тұздардың еруі, газ және микроорганизмдер болуы мүмкін. Қабат сулары әртүрлі химиялық құрамда болуы мүмкін. Сондықтан оларды екі негізгі топқа бөледі: 1) тығыз хлорлы кальцийлі немес хлорлы кальций магнийлі, 2) сілтілі немесе гидрокарбонатты натрийлі: Қабат суларының көпшілік бөлігінің құрамында, мұнай кен орындарында басты бөлігі хлорлы натрий, хлорлы кальций болып келеді.
Жаз уақытында сордағы тұздардың концентрациясы 22-24-ке дейін болады, соның өсерінен құрамындағы қоспаның ұлғаюына байланысты қондырғылардың жұмыс істеуін қиындатады және түп аймағын ластайды. Барлық тәсілдерде суды өндеудің ең негізге сипаттамасы оның құрамында сутек иондарының концентрациясына байланысты. Бұл арқылы сулы ерітінділердің қышқылдық және сілтілік ортасын анықтайды.
Тәжірибе жүзінде судың классификациясына қарап, мынадай 5 топқа бөледі: 1) қышқылды РН-тан 3-ке дейін 2) әлсіз қышқылды РН-тан бастап 4-6-4 арасында, 3) нейтралды РН-7, 4) әлсіз сілтілі 8-10 дейін, 5) сілтілі 11-14-ке дейін.
Қабатқа айдалатын сулардың жарамдылығы лабораториялық жағдайда фильтрациялық жолымен анықталды. Қабатқа айдалатын тығыз сулардың сапасына баға беру олардың құрамындағы темірге байланысты. Айдалатын судың сапасын реттеу әрбір кен орындарының коллекторлы қасиетінің есебінен жүзеге асырылады.
Механикалық қоспалардан басқа нұсқа ішінен және сыртынан өнімді қабаттарды игеруге әртүрлі микроорганизмдер және айдалатын судың құрамындағы организмдер кіреді.
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |