1 — мұнайлылықтың сыртқы нұсқасы; 2 — мұнайлылықтың ішкі нұсқасы; 3 — су айдау ұңғымаларының қатары; 4 — су айдау ұңғымалары.
Нұсқаның ішінен су айдау.Бұл жағдайда қабатқа әсер ету мұнайлылық нұсқаның ішінде қандай да бір сызба бойынша айдау ұңғымаларының жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл қорды алу мерзімін қысқартуға және мұнай өндірісін тез ұлғайтуға мүмкіндік беретін, мұнай кенішіне әсер етудің қарқынды жүйесі. Жалпы нұсқаның ішінен су айдау әдісін кенішті айдау ұңғымаларының сызығымен жолаққа және сақиналарға бөлу, бірнеше көлденең қатарымен орталық бөлу қатарын құру және нұсқа ішінен су айдаумен бірлескен сияқты, бірнеше түрге бөлуге болады. Айдау ұңғымаларының орналасу сызбасын таңдау нақты геологиялық жағдайлармен, қорды алудың экономикалық мақсатты мерзімімен және негізгі, қажетті күрделі салымдар шамасымен анықталады. Ереже бойынша, айдау ұңғымасының сызығын коллекторлық қасиеттері жақсартылған және линзалар мен өткізгіш құмтастардың басымды созылуына перпендикуляр қабатының аймағына орналастырады, бұл айдалатын судың қоршалуын азайтуға немесе жоюға және қабаттың әсермен қамтылуын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Нұсқаның сыртынан су айдау, нұсқаның ішінен су айдау болған кезде мұнайдың нұсқа сыртының аймағына ығысуына жол бермеу керек, сонымен қатар үдерісті қарқындандыру қажет. Энергетикалық көзқараста нұсқаның ішінен су айдау, нұсқаның сыртынан және жанынан су айдауға қарағанда тиімді, өйткені барлық айдалатын су бұл жағдайда мұнайды бөлетін қатарлардың екі жағы бойынша ығыстыруға қолданылады.