Минералдар. Тау жыныстары



бет8/9
Дата06.01.2022
өлшемі2,43 Mb.
#15043
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
мұнай 8

Алаңда су айдау – бұл кен орынды игерудің ең жоғары қарқынын қаматамасыз ететін, қабатқа әсер етудің қарқынды жүйесі. Бұл жүйе кезінде өндіру және айдау ұңғымалары бес, жеті және тоғыз нүктелік тор түріндегі дұрыс геометриялық блоктарымен орналасады, ондағы айдау және өндіру ұңғымалары кезектесіп тұрады. Ұңғымалардың мұндай бірқалыпты торлары бойынша аудандарды бұрғылау кезінде, бес нүктелік сұлбада әрбір айдау ұңғымасына бір өндіру, жеті нүктелік сұлбада екі өндіру, ал тоғыз нүктелікте үш өндіру ұңғымалары келеді. Айдау ұңғымаларының өнім бермейтіні ескеріле отырып, тоғыз нүктелік сұлба экономикалық тиімді екенін көреміз, бірақ бұл кезде кенішке әсер етудің қарқындылығы аз болады және судың өндіру ұңғымаларына жарып өтуі кезінде кентіректердің бар болу ықтималдылығы жоғары болады. Бұрыннан, алаңдап су айдау өндірудің соңғы сатыларында мұнай өндірудің екінші әдісі ретінде қолданылып келеді. Бірақ алаңда су айдау жүйесінің өзіндік мәні бар, ол қабаттың жақсы зерттелген кезінде, өндірудің бастапқы сатыларында тиімді қолданылуы мүмкін.

Алаңда су айдау кезінде ұңғымалардың орналасу сұлбасы:

а – 5 нүктелік; б – 7 нүктелік жүйе; в – 9 нүктелік жүйе.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет